«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 31 қаңтардағы № 61 Қаулысы

«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 31 қаңтардағы № 61 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ережеде:

12-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

«1-1) әділет органдарының қызметін автоматтандыру;»;

14-тармақта:

мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

«2-1) әділет саласында жасанды интеллектіні ендіру;»;

9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«9) заң жобалау жұмысы, заң жобалау жұмыстарының ағымдағы жоспарларын әзірлеу;»;

14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«14) құқықтық ақпараттандыруды қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу, құқықтық ақпараттың бірыңғай жүйесін жүргізу;»;

мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:

«14-1) орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволарының нормативтік құқықтық актілерін, мәслихаттардың, әкімдіктердің, әкімдердің және ревизиялық комиссиялардың нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу;»;

мынадай мазмұндағы 27-1) және 27-2) тармақшалармен толықтырылсын:

«27-1) төрелік қызмет саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;

27-2) құқық қолдану практикасын талдау және төрелік туралы заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;»;

мынадай мазмұндағы 49-1) тармақшамен толықтырылсын:

«49-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде өз құзыреті шегінде петицияларды қарау;»;

104) және 105) тармақшалар мынадай редакцияда жасылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.