«Сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 28 қаңтардағы № 46 Қаулысы (қолданысқа енген жоқ)

«Сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 28 қаңтардағы № 46 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Cыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттің сыйға тарту шарты бойынша мүлік құқықтарына ие болу қағидаларын бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттің сыйға тарту шарты бойынша мүлік құқықтарына ие болу қағидалары бекітілсін.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Cыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасында:

15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«15. Ақша түріндегі мүлік бюджеттің кірісіне немесе Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес Арнаулы мемлекеттік қорға есепке жатқызылады. Шетел валютасы осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген шешім қабылданған күні айқындалған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми валюта айырбастау бағамы бойынша не меншік иесінің болашақта мүлік құқықтарын мемлекеттік меншікке өтеусіз беру уәдесін қамтитын сыйға тарту шартында белгіленген беру күніне Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес тиісті бюджеттің кірісіне немесе Арнаулы мемлекеттік қорға есепке жатқызылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.