(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ДЕНИСОВ АУДАНЫНЫҢ ПРИРЕЧНОЕ АУЫЛЫНДАҒЫ «АЛТАЙ» ЖАУА...

Денисов ауданының Приречное ауылындағы «Алтай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мал шаруашылығы кешенінің өндірістік объектілері үшін Аршалы-Әйет өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуін, оларды шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы
Қостанай облысы әкімдігінің 2013 жылғы 16 қазандағы № 449 Қаулысы

 

Осы редакция 2016 жылғы 14 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына және «Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 42 қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Уәкілетті органдармен келісілген, бекітілген жобалық құжаттама негізінде 1-қосымшаға сәйкес Денисов ауданының Приречное ауылындағы «Алтай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мал шаруашылығы кешенінің өндірістік объектілері үшін Аршалы-Әйет өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуі белгіленсін.

2. Денисов ауданының Приречное ауылындағы «Алтай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мал шаруашылығы кешенінің өндірістік объектілері үшін Аршалы-Әйет өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуін шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайлары 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қостанай

облысының әкімі

 

Н. Садуақасов

 

КЕЛІСІЛДІ:

«Қазақстан Республикасы Денсаулық

сақтау министрлігі Мемлекеттік

санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау

комитетінің Қостанай облысы бойынша

департаменті» мемлекеттік мекемесі

басшысының міндетін атқарушы

_______________ С. Байменова

«Қазақстан Республикасы Қоршаған

ортаны қорғау министрлігі

Су ресурстарын пайдалануды реттеу

және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай

бассейндік инспекциясы» республикалық

мемлекеттік мекемесінің басшысы

________________ Г. Оспанбекова

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.