«2017 – 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 13 қарашадағы № 109-VІ Заңы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ЗАҢЫ

 

«2017 - 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы»

Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

1-бап. «2017 - 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2016 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 21, 115-құжат; 2017 ж., № 3, 4-құжат; № 16, 56-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) 1 және 2-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

«1-бап. 2017 - 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2017 жылға мынадай көлемдерде бекiтiлсiн:

1) кiрiстер - 9 609 031 675 мың теңге, оның iшiнде:

салықтық түсiмдер бойынша - 4 810 958 061 мың теңге;

салықтық емес түсiмдер бойынша - 140 197 027 мың теңге;

негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша - 1 604 797 мың теңге;

трансферттер түсiмдерi бойынша - 4 656 271 790 мың теңге;

2) шығындар - 10 699 154 559 мың теңге;

3) таза бюджеттiк кредиттеу - 200 057 736 мың теңге, оның iшiнде:

бюджеттiк кредиттер - 282 483 824 мың теңге;

бюджеттiк кредиттердi өтеу - 82 426 088 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 195 718 279 мың теңге, оның iшiнде:

қаржы активтерiн сатып алу - 195 718 279 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы - -1 485 898 899 мың теңге немесе елдiң iшкi жалпы өнiмінің 2,9 пайызы;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 1 485 898 899 мың теңге.

2-бап. 2017 жылға арналған республикалық бюджетте Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенін пайдаланғаны үшін 40 024 295 мың теңге сомасында және әскери полигондарды пайдаланғаны үшін 6 455 965 мың теңге сомасында жалдау ақыларының түсiмдері көзделсiн.»;

2) 3-баптағы «бюджетке түсетiн» деген сөздер алып тасталсын;

3) мынадай мазмұндағы 4-1-баппен толықтырылсын:

«4-1-бап. 2017 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен трансферттердің түсімдері «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жұмыс берушілердің аударымдары бойынша мөлшерлемелерді азайтуға байланысты 4 898 537 мың теңге сомасында көзделсін.

Облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен көрсетілген трансферттер сомаларының республикалық бюджетке түсімдері Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.»;

4) 11-бапта:

бірінші бөлікте:

мынадай мазмұндағы 2-4) және 2-5) тармақшалармен толықтырылсын:

«2-4) ішкі істер органдары қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларын көтеруге;

2-5) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялауға;»;

15) тармақша алып тасталсын;

21) тармақшадағы «алып қоюға 2017 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.» деген сөздер «алып қоюға;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 22), 23) және 24) тармақшалармен толықтырылсын:

«22) ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық және оқшау жүйелерінен ауызсу беру жөнінде көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялауға;

23) «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялауға;

24) бензин мен дизель отынына акциздердің жоғарылатылған мөлшерлемелерінің кезеңін қысқарту нәтижесіндегі шығындарды өтеуге 2017 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.»;

екінші бөліктегі «15)» деген цифрлар «14)» деген цифрлармен ауыстырылсын;

5) 12, 15, 16, 16-1, 17 және 19-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

«12-бап. 2017 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің шығыстары шеңберінде тұрғын үй құрылыс жинақтарына салымдар бойынша өтемақы төлеуге «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамына аудару үшін 11 495 298 мың теңге мөлшерінде қаражат көзделсін.»;

«15-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2017 жылға арналған резервi 66 026 099 мың теңге сомасында бекiтiлсiн.

16-бап. Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі шығындарының құрамында мемлекеттiк материалдық резервті қалыптастыруға және сақтауға республикалық бюджет кірістерінде жаңарту тәртібінде шығарылған материалдық құндылықтарды өткізуден түскен 1 154 797 мың теңге сомасындағы қаражатты көрсете отырып, 8 706 520 мың теңге сомасында қаражат көзделгені ескерілсін.

16-1-бап. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі шығындарының құрамында мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару шарты бойынша міндеттемелерді орындауға «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына аудару үшін 50 108 098 мың теңге сомасында қаражат көзделгені ескерілсін.

17-бап. 2017 жылға арналған республикалық бюджетте мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды өтеу және оларға қызмет көрсету үшiн 576 831 мың теңге көзделсiн.»;

«19-бап. 2017 жылғы 31 желтоқсанға үкiметтiк борыш лимитi 11 100 000 000 мың теңге мөлшерiнде белгiленсiн.»;

6) көрсетілген Заңға 1 және 4-қосымшалар осы Заңға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.

2-бап. Осы Заң 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

 

Қазақстан Республикасының

              Президенті

 

          Н. НАЗАРБАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2017 жылғы қарашаның 13-і.

                           № 109-VI

«2017 - 2019 жылдарға арналған

республикалық бюджет туралы»

Қазақстан Республикасының Заңына

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

2017 жылғы 13 қарашадағы

Қазақстан Республикасының

№ 109-VI Заңына

1-ҚОСЫМША

 

«2017 - 2019 жылдарға арналған

республикалық бюджет туралы»

2016 жылғы 29 қарашадағы

Қазақстан Республикасының

№ 25-VI Заңына

1-ҚОСЫМША

 

 

2017 жылға арналған республикалық бюджет