«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында қызмет өткеру үшін адамдар денсаулық жағдайына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 722 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2025 жылғы 30 маусымдағы № 761 бұйрығы

«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында қызмет өткеру үшін адамдар денсаулық жағдайына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 722 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2025 жылғы 30 маусымдағы № 761 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында қызмет өткеру үшін адамдар денсаулық жағдайына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 722 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21863 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында қызмет өткеру үшін адамдар денсаулық жағдайына қойылатын талаптарда:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Бағандар бойынша азаматтардың (әскери қызметшілердің) әскери қызметке денсаулық жағдайына қойылатын талаптар (бұдан әрі - Бағандар бойынша талаптар) осы талаптарға 1-қосымшада айқындалған және мыналарға қойылады:

1) І баған бойынша:

әскерге шақыру учаскелеріне тіркелетін азаматтарға;

мерзімді әскери қызметке шақырылатын азаматтарға;

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында (бұдан әрі - ҚР ҚМ мамандандырылған ұйымдары) әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша өтеусіз негізде даярлау үшін іріктелетін азаматтарға;

жалпы орта білімнің жалпы білім беру бағдарламасын іске асыратын (бұдан әрі - мектептер) әскери оқу орындарына (бұдан әрі - ӘОО) оқуға түсетін азаматтарға және оның тәрбиеленушілеріне;

2) ІІ баған бойынша:

техникалық және кәсіптік, жоғары білім бағдарламасын іске асыратын ӘОО-ға оқуға түсетін азаматтарға (әскери қызметшілерге);

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.