(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «2021-2023 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТ ТУРАЛЫ»...

2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Атырау облыстық мәслихатының 2020 жылғы 9 желтоқсандағы № 497-VI шешімі

(2021.25.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2021 жылғы 29 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 8-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1 тармағы 1) тармақшасына сәйкес және облыс әкімдігімен ұсынылған 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет жобасын қарап, VІ шақырылған Атырау облыстық мәслихаты XLIX сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Атырау облыстық мәслихатының 2021.15.03. № 21-VІI шешімімен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); Атырау облыстық мәслихатының 2021.25.06. № 50-VII шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет тиiсiнше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның iшiнде 2021 жылға келесідей көлемдерде бекiтiлсiн:

1) кірістер - 470 479 222 мың теңге, оның ішінде

салықтық түсімдер - 144 688 053 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 3 285 087 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 13 000 мың теңге;

трансферттердің түсімдері - 322 493 082 мың теңге;

2) шығындар - 473 080 685 мың теңге;

3) таза бюджеттік несиелендіру - 10 908 758 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік несиелер - 21 479 763 мың теңге;

бюджеттік несиелерді өтеу - 10 571 005 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 10 427 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу - 21 000 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 10 573 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 13 520 648 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 13 520 648 мың теңге:

қарыздар түсімі - 14 142 238 мың теңге;

қарыздарды өтеу - 12 192 202 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 11 570 612 мың теңге.

Атырау облыстық мәслихатының 2021.15.03. № 21-VІI шешімімен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.