«Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № 1094 бұйрығы (күші жойылды)

«Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № 1094 бұйрығы

 

ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 2 шілдедегі № 339 бұйрығымен күшi жойылды

 

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексі 82-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде:

340-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«340. Тиісті бюджетке және/немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық қорына есептеуге арналған валюта түрлері бойынша шетел валютасын қайта айырбастауды бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган электрондық түрде төлем құжаттары қоса берілген шетел валютасындағы шоттар бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен үзінді-көшірмені алған күннен бастап үш күн ішінде жүзеге асырады.

Төреліктерде соттың тиісті шешімі күтілетін дауларды реттеу шеңберінде түскен шетел валютасын қайта айырбастау міндетті болып табылмайды.

Шетел валютасында түскен бағдарламалық сыртқы қарыздардың қаражатын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган шетел валютасындағы банк шотына түскен күннен бастап алты ай ішінде тиісті бюджетке қайта айырбастайды.»;

723-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.