«Қызылорда облысы бойынша 2025 жылға арналған тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидияланатын түрлерінің тізбесін және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) арналған субсидиялар нормаларын бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2025 жылғы 23 мамырдағы № 111 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қызылорда облысы әкімдігінің 2025 жылғы 21 қарашадағы № 216 Қаулысы
Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қызылорда облысы бойынша 2025 жылға арналған тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидияланатын түрлерінің тізбесін және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) арналған субсидиялар нормаларын бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2025 жылғы 23 мамырдағы № 111 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8612-11 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қызылорда облысының әкімі | Н. Нәлібаев |
2025 жылғы 21 қарашадағы
№ 216 қаулысына қосымша
Қызылорда облысы бойынша 2025 жылға арналған тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидияланатын түрлерінің тізбесі және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) арналған субсидиялар
нормалары
| р/с | Субсидияланатын тыңайтқыштар түрлері | Өлшем бірлігі | 1 тоннаға (литр, килограмм) арналған субсидия нормасы, тенге |
| 1. | AGRIKER AMIN B | литр | 2 288,00 |
| 2. | AGRIKER Amin Zn | литр | 1 927,00 |
| 3. | AGRIKER Aqua | литр | 2 494,00 |
| 4. | AGRIKER Grow | литр | 2 345,00 |
| 5. | AGRIKER N | литр | 1 647,00 |
| 6. | AGRIKER PK | литр | 2 803,00 |
| 7. | AGRIKER Seed | литр | 2 569,00 |
| 8. | AGRIKER Top | литр | 2 097,00 |
| 9. | AgroArgentum® Forte | литр | 140 000,00 |