«Теміржол өткелдерін техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 25 наурыздағы № 168 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023 жылғы 5 сәуірдегі № 216 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Теміржол өткелдерін техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 25 наурыздағы № 168 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6899 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Теміржол өткелдерін техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу қағидаларында:
4-тармақ алып тасталсын;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Кезекші қызметкер реттелетін өткелдерді пайдалану мен қызмет көрсетуді тек мынадай:
сағатына 140 шақырымнан астам жылдамдықпен поездар қозғалысы бар учаскелерде орналасқан;
трамвай немесе троллейбус қозғалысы жүзеге асырылатын автомобиль жолдарымен басты жолдардың қиылысында орналасқан;
автомобиль жолындағы көлік құралдары қозғалысының қарқындылығына қарамастан, сағатына 140 шақырымнан астам жылдамдықпен поездар қозғалысы бар магистральдық жолдар учаскелерінде орналасқан I санатты;
ақ-ай жыпылықтайтын сигналы (отпен) бар және станция бойынша кезекшіде (поезд диспетчерінде) өтпелік сигнализация құрылғыларының ақаулығын автоматты түрде бақыланатын автоматты бағдаршам сигнализациясымен жабдықталмаған тәулігіне 16 поездан астам қарқынды қозғалыстағы учаскелерде орналасқан II санатты өткелдер ғана белгілейді.