«Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізуге аттестатталатын заңды тұлғаларға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 299 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 16 тамыздағы № 30 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізуге аттестатталатын заңды тұлғаларға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 299 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 5 ақпанда № 10188 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізуге аттестатталатын заңды тұлғаларға қойылатын талаптарда:
2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) лифтілерді, эскалаторларды, траволаторларды, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарға арналған көтергіштерді монтаждауды, техникалық қызмет көрсетуді, техникалық диагностикалауды, техникалық куәландыруды және жөндеуді жүргізу.»;
6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«6-тарау. Лифтілерді, эскалаторларды, траволаторларды, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарға арналған көтергіштерді монтаждауды, техникалық қызмет көрсетуді, техникалық диагностикалауды, техникалық куәландыруды және жөндеуді жүргізу құқығына аттестатталатын заңды тұлғаларға қойылатын талаптар»;
8-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Бір немесе бірнеше қауіпті техникалық құрылғыларды (лифтілер, эскалаторлар, траволаторлар, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарға арналған көтергіштерді) монтаждау жұмыстарын жүргізу құқығына үміткер заңды тұлғада:»;
9-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: