(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ШЕТЕЛДIК ДIНИ ОРТАЛЫҚТАРДЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫН...

Осы редакция 2017 жылғы 26 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Мәдениет және спорт министрінің

2015 жылғы 23 сәуірдегі

№ 147 бұйрығына

3-қосымша

 

 

 «Шетелдiк дiни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктерінің басшыларын тағайындауын келiсу»

 мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Шетелдiк дiни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктерінің басшыларын тағайындауын келiсу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігімен әзірленген.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитетімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесімен жүзеге асырылады.

 

 

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

 

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап - күнтiзбелiк 30 (отыз) күн;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 минут;

3) кызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 минут.

5. Мемлекеттiк қызметті көрсету нысаны - қағаз түрінде.

6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi - шетелдiк дiни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктерінің басшыларын тағайындауы туралы келiсім-хат, не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны - қағаз түрінде.

7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.