2015-2017 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Маңғыстау облыстық мәслихатының 2014 жылғы 11 желтоқсанда № 21/304 шешімі
Осы редакция 2015 жылғы 17 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы және «2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2014 жылғы 28 қарашадағы № 259-V Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 2015 - 2017 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2015 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 102 423 596 мың теңге, оның ішінде
салықтық түсімдер бойынша - 53 702 242 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 46 110 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 20 865 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша - 48 654 379 мың теңге;
2) шығындар - 101 891 812 мың теңге;
3) таза бюджеттік несиелендіру - 2 745 166 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 2 878 154 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 132 988 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 316 988 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 316 988 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге:
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 2 530 370 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 2 530 370 мың теңге.
2. 2015 жылға қалалар мен аудандардың бюджеттеріне кірістерді бөлу нормативтері мына мөлшерде белгіленсін:
1) Төлем көзінен ұсталатын кірістен алынатын жеке табыс салығы:
Бейнеу ауданына - 100 пайыз;
Қарақия ауданына - 88 пайыз;
Маңғыстау ауданына - 100 пайыз;
Түпқараған ауданына - 27,8 пайыз;
Мұнайлы ауданына - 99,8 пайыз;
Ақтау қаласына - 20,9 пайыз;
Жаңаөзен қаласына - 43,7 пайыз.
2) Төлем көзінен ұсталмайтын кірістен алынатын жеке табыс салығы:
Бейнеу ауданына - 50,9 пайыз;
Қарақия ауданына - 100 пайыз;
Маңғыстау ауданына - 100 пайыз;
Түпқараған ауданына - 100 пайыз;
Мұнайлы ауданына - 100 пайыз;
Ақтау қаласына - 0 пайыз;