«Экологиялық жағынан қауіпті шаруашылық және өзге қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 27 шілдедегі № 271 бұйрығы (2025.23.12. берілген өзгерістермен)

Экологиялық жағынан қауіпті шаруашылық және өзге қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 27 шілдедегі № 271 бұйрығы

(2025.23.12. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 129-бабының 2-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Экологиялық жағынан қауіпті шаруашылық және өзге қызмет түрлерінің тізбесі бекітілсін.

2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Экологиялық жағынан қауіпті шаруашылық және өзге қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 27 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10301 болып тіркелген);

2) «Экологиялық жағынан қауіпті шаруашылық және өзге қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 731 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер енгізілетін бұйрықтары тізбесінің 3-тармағы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12927 болып тіркелген).

3. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.