«Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларын, Жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын бекіту туралы» облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 349 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2022 жылғы 14 желтоқсандағы № 162 шешімі
Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. «Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларын, жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын бекіту туралы» облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 349 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4686 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың қағидаларында 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 20-бабының 23-15) тармақшасына сәйкес әзірленді және құқықтық мәртебесі мен шаруашылық қызметінің нысандарына қарамастан, барлық заңды тұлғалар, жеке тұлғалар, сондай-ақ аула және қоғамдық аумақтарды абаттандыруға жауапты лауазымды адамдар үшін Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру тәртібін айқындайды.»;
2-тармақ алып тасталсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы қағидаларды мынадай ұғымдар пайдаланылады: