«Қауіпті өндірістік объектілерді бірдейлендіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 353 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 8 мамырдағы № 182 бұйрығы

 «Қауіпті өндірістік объектілерді бірдейлендіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 353 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 8 мамырдағы № 182 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қауіпті өндірістік объектілерді бірдейлендіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 353 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10310 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

Кіріспе келесі редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 112) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 16 - бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қауіпті өндірістік объектілерді бірдейлендіру қағидаларында:

1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы қауіпті өндірістік объектілерді бірдейлендіру қағидалары (бұдан әрі-қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 112) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 16 - бабы 3-тармағының 2) тармақшасымен қауіпті өндірістік объектілері бар және (немесе) олардағы жұмыстарға тартылатын ұйымдардың (бұдан әрі - ұйымдар) қауіпті өндірістік объектілерді сәйкестендіру тәртібін айқындайды.»;

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Сәйкестендіру нәтижелері бойынша ұйым он бес жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органына ақпарат береді.»;

2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.