12) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар жүргізген оңтайландыру нысанасына ұсынылған есеп-қисап бойынша қорытынды дайындайды және береді;
13) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
57-бап. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың құзыреті
1) жыл сайынғы негізде мүдделі тұлғалармен, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушылармен және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын мемлекеттік басқарудың тиісті саласындағы (аясындағы) бәсекелес ортаға беру үшін іріктеуді жүзеге асырады;
2) мүдделі тұлғалармен, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушылармен және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, мемлекеттік басқарудың тиісті саласында (аясында) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функциялары бойынша нарықтың дайындығына талдау жүргізеді;
3) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті органға бәсекелес ортаға беру мәселелері жөнінде ұсыныстар енгізеді;
4) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын мемлекеттік басқарудың тиісті саласындағы (аясындағы) бәсекелес ортаға беру, сондай-ақ орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларын қайтару мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;
5) пайдаланушылардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларды қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдайды;
6) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушыларды мониторинг нәтижелерімен таныстыруға міндетті;
7) орталық атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру кезінде оңтайландыру нысанасына есеп-қисап жүргізеді және оны мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті органға келісуге жібереді;
8) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Жергілікті атқарушы органдар:
1) жыл сайынғы негізде мүдделі тұлғалармен, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушылармен және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру үшін іріктеуді жүзеге асырады;
2) мүдделі тұлғалармен, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушылармен және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функциялары бойынша нарықтың дайындығына талдау жүргізеді;
3) мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті органға жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру мәселелері жөнінде ұсыныстар енгізеді;
4) пайдаланушылардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларды қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдайды;
5) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушыларды мониторинг нәтижелерімен таныстыруға міндетті;
6) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру кезінде оңтайландыру нысананына есеп-қисап жүргізеді және оны мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті органға келісуге жібереді;
7) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде жергілікті атқарушы органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
58-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құзыреті
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы:
1) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функциялары бойынша кәсіпкерлік субъектілерінің және олардың бірлестіктерінің ұсыныстарын жинауды, талдауды және жариялауды жүзеге асырады;
2) мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті органға, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдарға орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру мәселелері жөнінде ұсыныстар енгізеді;
3) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының сапасыз жүзеге асырылуы туралы мәселелерді қарауға қатысады;
4) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
59-бап. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру мәселелері бойынша өзара іс-қимылы
Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, оның ішінде:
1) жыл сайынғы негізде орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру үшін іріктеуге;
2) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функциялары бойынша нарықтың дайындығына талдау жүргізуге;
3) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын функцияларын бәсекелес ортаға беру мәселелері жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу жөніндегі жұмысқа қатысу арқылы өзара іс-қимыл жасайды.
60-бап. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушылардың құқықтары мен міндеттері
1. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушылар:
1) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат үшін орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдарға сұрау салумен жүгінуге;
2) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функциялары бойынша нарықтың дайындығының баламалы талдауын жүргізуге;
3) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру мәселелері бойынша мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті органға, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдарға ұсыныстар енгізуге;
4) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функциялары бойынша нарықтың дайындығына талдау жүргізуге қатысуға;
5) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру үшін жыл сайынғы негізде іріктеу жүргізуге қатысуға;
6) мониторинг нәтижелерімен танысуға;
7) мониторинг нәтижелерін алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей, мониторингтің нәтижелерімен келіспеу туралы жазбаша түсініктемелер не Комиссияның қарауына жататын ескертулерді жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын ұсынуға құқылы.
2. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушылар:
1) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларын сапалы жүзеге асыру үшін жағдай жасауға;
2) мүмкіндігі шектеулі адамдар орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілетін функцияларын алған кезде олар үшін қажетті жағдайлар жасауға;
3) осы Кодексте көзделген жағдайда, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдарға, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына мониторинг жүргізу үшін қажетті ақпаратты және (немесе) құжаттарды беруге;
4) пайдаланушыларға орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларын жүзеге асыру тәртібі туралы толық және анық ақпарат беруге;
5) пайдаланушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шараларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қабылдауға міндетті.
61-бап. Комиссияның қызметі мен функциялары
1. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру мәселелері жөніндегі ұсыныстар мен ұсынымдарды әзірлеу мақсатында консультативтік-кеңесші орган - Комиссия құрылады.
Комиссияның құрамына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, кәсіпкерлік субъектілерінің және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіруі мүмкін.
2. Комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру мәселелері жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлейді;
2) мемлекеттік басқаруды жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұсыныстары негізінде орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларын қайтару жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлейді.
3. Комиссияның қызметі туралы ақпарат мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында кемінде жарты жылда бір рет орналастырылады және жаңартылады.
3-БӨЛІМ. ӘКІМШІЛІК РӘСІМ
9-тарау. ӘКІМШІЛІК РӘСІМДІ ҚОЗҒАУ
62-бап. Әкімшілік рәсімді қозғау үшін негіздер
1. Мыналар әкімшілік рәсімді қозғау үшін негіздер болып табылады:
2) әкімшілік органның, лауазымды адамның бастамасы.
2025.17.12. № 241-VIIІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (2025 ж. 29 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген жағдайда, әкімшілік рәсім жолданым тіркелген күннен бастап қозғалды деп есептеледі.
3. Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдер туралы заңнамасының талабы немесе әкімшілік қалау осы баптың бірінші бөлігінің 2) тармақшасына сәйкес әкімшілік рәсімді қозғау үшін негіз болып табылады.
63-бап. Жолданымға қойылатын жалпы талаптар
1. Ауызша нысанда берілген жолданымды әкімшілік органның жолданымды қабылдаған лауазымды адамы немесе жұмыскері жекелеген хаттамаға енгізеді.
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Жазбаша (қағаз және (немесе) электрондық) нысанда берілген жолданымда, хаттамада:
1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде);
2) жолданым берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;
2025.17.12. № 241-VIIІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2025 ж. 29 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) арыз иесінің немесе оның өкілінің қолы не электрондық цифрлық қолтаңбасы;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.
3. Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, арыз иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
64-бап. Жолданымды қабылдау, тіркеу, қайтару және кері қайтарып алу
1. Осы Кодексте белгіленген тәртіппен берілген жолданым міндетті түрде қабылдануға, тіркелуге, есепке алынуға және қаралуға жатады.
Жолданымды қабылдаудан бас тартуға тыйым салынады.
2025.17.12. № 241-VIIІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (2025 ж. 29 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Жолданым мемлекеттік органға, жергілікті өзін-өзі басқару органына, мемлекеттік заңды тұлғаға, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаға берілген жағдайда арыз иесіне күні мен уақыты, жолданымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, лауазымы көрсетілген бірегей нөмірі бар талон беріледі.
2025.17.12. № 241-VIIІ ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (2025 ж. 29 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Жолданым келіп түскен күні тіркеледі.
Егер жолданым жұмыс күні аяқталғаннан кейін немесе жұмыс істемейтін күні келіп түскен болса, онда ол жақын уақыттағы кейінгі жұмыс күнімен тіркеледі.
4. Жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жолданымдар осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралуға жатады.
64-баптың 5-бөлігінің қолданысы 2026 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік 175-баптың 2-1-бөлігінің редакциясында қолданылады
5. Әкімшілік рәсімге қатысушылардың мемлекеттік органдардың басшыларына және олардың орынбасарларына бейнеконференц-байланыс немесе бейнежолданым арқылы жолданым беру тәртібін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
6. Жолданым осы Кодекстің 63-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, әкімшілік орган, лауазымды адам арыз иесіне жүгіну қандай талаптарға сай келмейтінін көрсетеді және оны талаптарға сәйкес келтіру үшін ақылға қонымды мерзімді белгілейді.
2025.17.12. № 241-VIIІ ҚР Заңымен 7-бөлік жаңа редакцияда (2025 ж. 29 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Əкімшілік орган, лауазымды адам жолданымды қайтару себептерін көрсете отырып, үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде:
1) осы баптың алтыншы бөлігінде көзделген, əкімшілік орган, лауазымды адам белгілеген мерзім өткеннен кейін;
2) егер:
бұрын берілген жолданым сол бір əкімшілік органда қаралған не оны сол бір лауазымды адам қараған жағдайда, арыз иесі ол бойынша əкімшілік рəсім тоқтатылған, мəселенің мəні бойынша мазмұны бұрын қаралған жолданымға ұқсас жолданымды берсе, жолданым тіркелгеннен кейін қайтарады. Бұл ретте мұндай жолданым жаңа дəлелдерді немесе жаңадан ашылған мəн-жайларды қамтымайды;
жолданымда былапыт не балағат сөздер, оның ішінде əкімшілік органға, əкімшілік органның жұмыскерлеріне, лауазымды адамға қатысты болса, жолданым тіркелгеннен кейін қайтарады.
2025.17.12. № 241-VIIІ ҚР Заңымен 7-1-бөлікпен толықтырылды (2025 ж. 29 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)
7-1. Осы баптың жетінші бөлігінің күші ұжымдық жолданымдарға да қолданылады.
2025.17.12. № 241-VIIІ ҚР Заңымен 7-2-бөлікпен толықтырылды (2025 ж. 29 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)
7-2. Осы баптың жетінші бөлігінің күші дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы не мемлекеттік немесе қоғамдық қауіпсіздікке төнген қатер туралы мəліметтер жолданымдарда қамтылған, мемлекеттік органдарға құзыреттеріне сəйкес дереу одан əрі жолдануға жататын жағдайларға қолданылмайды.
2025.17.12. № 241-VIIІ ҚР Заңымен 8-бөлік жаңа редакцияда (2025 ж. 29 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8. Жолданымды қайтару қайта жүгінуге кедергі келтірмейді. Осы баптың жетінші бөлігінің 2) тармақшасының екінші абзацында көзделген жолданым қайта берілген жағдайда, оны қайтарғаннан кейін мұндай жолданым оған жауап берілмей, бұрын қаралған əкімшілік істің материалдарына қоса тігіледі.
9. Арыз иесі әкімшілік іс бойынша шешім қабылданғанға дейін жолданымды өзінің жазбаша арызы негізінде кері қайтарып ала алады.
Арыз иесінің жолданымды кері қайтарып алуы мерзімдер сақталған кезде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, оны қайта жолданым беру құқығынан айырмайды.
65-бап. Жолданымды уәкілетті әкімшілік органға, лауазымды адамға әрі қарай жолдау
1. Жолданымды қарау өкілеттігіне кірмейтін әкімшілік органға, лауазымды адамға келіп түскен жолданым, келіп түскен күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде әкімшілік рәсімге қатысушыға бір мезгілде хабардар ете (хабарлай) отырып, уәкілетті әкімшілік органға, лауазымды адамға жолданады.
2. Жолданымда қамтылған бір немесе бірнеше өтінішхатты, талаптарды қарау өкілеттігіне кірмейтін әкімшілік органға, лауазымды адамға олар келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде әкімшілік рәсімге қатысушыға бір мезгілде хабардар ете (хабарлай) отырып, уәкілетті әкімшілік органға, лауазымды адамға одан әрі жолданады.
3. Одан әрі жолданған жолданым немесе оның бөлігі бойынша уәкілетті әкімшілік орган, лауазымды адам осы Кодексте белгіленген тәртіппен әкімшілік рәсімді қозғайды.
66-бап. Әкімшілік рәсімдегі хабарлама (хабархат)
1. Әкімшілік рәсімге қатысушы тыңдау немесе әкімшілік рәсімді жүзеге асыру үшін қажетті өзге де іс-шаралар өткізілетін уақыт пен орын туралы хабардар етіледі.
2023.06.02. № 194-VІІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (2023 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Хабарлама (хабархат) тапсырыс хаттың табыс етілгендігі туралы хабарламамен тапсырыс хатпен, телефонограммамен немесе телеграммамен, электрондық үкіметтің» веб-порталында тіркелген ұялы байланыстың абоненттік нөміріне қысқа мәтіндік хабар жөнелте отырып, «электрондық үкіметтің» веб-порталындағы пайдаланушының кабинетіне, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша мәтіндік хабармен немесе электрондық мекенжай бойынша не хабархаттың немесе шақырудың тіркеліп-бекітілуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдары пайдаланылып жіберіледі.
3. Егер әкімшілік рәсімге қатысушы көрсетілген мекенжайда іс жүзінде тұрмаса, хабарламалар (хабархаттар) заңды мекенжай бойынша немесе оның жұмыс орны бойынша жіберілуі мүмкін.
Заңды тұлғаға арналған хабарламалар (хабархаттар) оның орналасқан жері бойынша жіберіледі.
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 4-бөлік өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Әкімшілік рәсімге қатысушы өзі көрсеткен тұрғылықты жері (орналасқан жері) жұмыс орны мекенжайының, ұялы байланыстың абоненттік нөмірінің, электрондық мекенжайының дұрыс екендігімен, ал көрсетілген контактілерге жіберілген хабарлама (хабархат) тиісті және жеткілікті деп есептелетіндігімен танысқандығын өзінің қолтаңбасымен растайды.
5. Әкімшілік рәсімге қатысушы хабарламаны (хабархатты) қабылдаудан бас тартқан кезде, оны жеткізетін немесе табыс ететін адам хабарламаға (хабархатқа) тиісті белгі жасайды, ол әкімшілік органға, лауазымды адамға қайтарылады.
67-бап. Лауазымды адамға қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту)
1) әкімшілік рәсімге қатысушы немесе оның өкілі ретінде осы әкімшілік рәсімге қатысқан болса;
2) әкімшілік рәсімге қатысушының жақын туысы, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаты болып табылса;
3) әкімшілік рәсімге қатысушыға қызметтік немесе өзге де тәуелді болса;
4) әкімшілік істің нәтижесіне жеке-дара, тікелей немесе жанама түрде мүдделі болса не оның объективтілігі мен әділдігі туралы күмән туғызатын өзге де мән-жайлар бар болса, ол әкімшілік рәсімді жүзеге асыра алмайды.
2. Тұлғаның лауазымды адам ретінде әкімшілік рәсімді бұрын жүзеге асыруы оның әкімшілік рәсімге тиісті дәрежеде одан әрі қатысуын болғызбайтын мән-жай болып табылмайды.
3. Лауазымды адамға мәлімделген қарсылық білдіруге (өздігінен бас тартуға) ол мәлімделген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде рұқсат беріледі.
4. Әкімшілік рәсімді жүзеге асыратын лауазымды адамға мәлімделген қарсылық білдіруге (өздігінен бас тартуға) жоғары тұрған лауазымды адам рұқсат береді.
5. Әкімшілік органның алқалы құрамы әкімшілік істі қарау кезінде лауазымды адамдардың біріне мәлімделген қарсылық білдіруге (өздігінен бас тартуға) әкімшілік органның алқалы құрамының басқа лауазымды адамдары рұқсат береді.
6. Әкімшілік органның басшысына мәлімделген қарсылық білдіруге (өздігінен бас тартуға) жоғары тұрған әкімшілік орган рұқсат береді.
7. Жоғары тұрған әкімшілік органы жоқ әкімшілік органның басшысына мәлімделген қарсылық білдіруге (өздігінен бас тартуға) Қазақстан Республикасының заңында аталған тұлға рұқсат береді.
Егер заңда тиісті тұлға көзделмесе, қарсылық білдіруге (өздігінен бас тартуға) әкімшілік орган басшысының орынбасары, ал ол болмаған кезде басқа лауазымды адам рұқсат береді.
8. Қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) туралы арыз қанағаттандырылса, әкімшілік рәсімді Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдер туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен басқа лауазымды адам жүзеге асырады.
9. Бұрын мәлімделген мән-жайларға байланысты қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) туралы қайта арыз беруге жол берілмейді.
10. Қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) туралы арызды қарау нәтижелері бойынша шешім шағым жасауға жатпайды.
2025.17.12. № 241-VIIІ ҚР Заңымен 11-бөлікпен толықтырылды (2025 ж. 29 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (
11. Əкімшілік орган, лауазымды адам қабылданған шешім туралы əкімшілік рəсімге қатысушыны ол қабылданған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті.
68-бап. Әкімшілік рәсімде өкілдік ету
1. Әкімшілік рәсімге қатысушы өзінің әкімшілік істерін жеке өзі, өкіл арқылы немесе онымен бірге жүргізуге құқылы.
2. Әкімшілік рәсімде өкілдік ету Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Әкімшілік рәсімге қатысушы өзінің әкімшілік істерін басқа адамның жүргізуіне уәкілеттік беруге құқылы, бұл туралы әкімшілік органға, лауазымды адамға ауызша нысанда хабарлайды. Бұл жағдайда әкімшілік орган, лауазымды адам өкілдің өкілеттігін жазбаша нысанда ресімдейді, оған өкілдік беруші қол қояды.
3. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, өкіл өкілдік берушінің атынан әкімшілік рәсімді жүзеге асыруға байланысты барлық әрекеттерді жасауға құқылы.
4. Әкімшілік рәсімді жүзеге асыратын әкімшілік органның лауазымды адамы немесе қызметкері болып табылатын тұлға өкіл болуға құқылы емес.
5. Осы баптың төртінші бөлігінде көрсетілген өкілдерді әкімшілік орган, лауазымды адам шеттетеді.
Өкіл шеттетілген кезде әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік рәсімді жүзеге асыруды басқа өкілдің өкілеттіктерін ресімдеу үшін қажетті, бірақ үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімге кейінге қалдырады.
69-бап. Әкімшілік істерді жүргізу және есепке алу
1. Әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік рәсімді жүзеге асыру үшін қажетті құжаттардан тұратын әкімшілік істі қағаз жеткізгіште және (немесе) электрондық нысанда қалыптастырады.
2. Әкімшілік істерді, оларды есепке алу журналдарын жүргізуді әкімшілік орган Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларының негізінде жүзеге асырады.
2025.17.12. № 241-VIIІ ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (2025 ж. 29 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Жеке қабылдауларды, мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекеттік заңды тұлғаларға, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға келіп түсетін өтініштерді тіркеу, есепке алу, сондай-ақ «Электрондық жолданымдар» ақпараттық-талдау жүйесін жүргізу құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
Жарнамасы бар ұсыныстар, сондай-ақ «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жолданымдарды қоспағанда, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша келіп түскен жолданымдар, «Валюталық реттеу жəне валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес валюталық шарттарды есептік тіркеуді жүзеге асыру, шетелдік банктердегі шоттар жəне осындай шоттарды есептік тіркеу туралы хабардар ету мəселелері бойынша келіп түскен жолданымдар есепке алуға жатпайды.
2025.17.12. № 241-VIIІ ҚР Заңымен 4-бөлік өзгертілді (2025 ж. 29 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Осы Кодекстің 87-бабының екінші бөлігінде көрсетілген субъектілердің басшылары жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарымен жұмысты ұйымдастыруға, іс жүргізудің жай-күйіне дербес жауапты болады.
70-бап. Әкімшілік рәсімді тоқтату
1. Мына мән-жайлардың тым болмағанда бірі болған кезде:
1) әкімшілік органның, лауазымды адамның жолданымда көрсетілген сол нысана туралы және сол негіздер бойынша әкімшілік рәсімге қатысушыға қатысты әкімшілік іс бойынша шешімі бар болса;
2) сол нысана туралы және сол негіздер бойынша сол адамға қатысты шығарылған заңды күшіне енген сот актісі бар болса;
2025.17.12. № 241-VIIІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2025 ж. 29 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) әкімшілік орган, лауазымды адам осы Кодекстің 64-бабы жетінші бөлігі 1) тармақшасының негізінде жолданымды қайтарса;