4) әкімшілік орган, лауазымды адам арыз иесінен жолданымды кері қайтарып алуды қабылдаса;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негіздер бар болса, жолданым негізінде қозғалған әкімшілік рәсім тоқтатылуға жатады.
2. Әкімшілік орган, лауазымды адам өз бастамасы бойынша қозғалған әкімшілік рәсімді, егер әкімшілік рәсімді жүзеге асыру оны қозғауға негіз болған мән-жайлардың өзгеруіне байланысты қажет болмай қалса немесе Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа негіздер бойынша тоқтата алады.
3. Әкімшілік рәсім әкімшілік органның, лауазымды адамның шешімімен тоқтатылады, бұл туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде әкімшілік рәсімге қатысушыға хабарланады.
4. Әкімшілік рәсімді тоқтату туралы шешімге осы Кодексте белгіленген тәртіппен шағым берілуі мүмкін.
5. Арыз иесі, егер жаңа дәлелдер немесе жаңадан ашылған мән-жайлар бар болса, осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралған мәселе бойынша қайта жолданым беруге құқылы.
10-тарау. ӘКІМШІЛІК ІСТІ ҚАРАУ
71-бап. Әкімшілік істі жеке-дара және алқалы түрде қарау
Әкімшілік істі лауазымды адам жеке-дара, ал Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда не әкімшілік органның шешімі бойынша алқалы құрам қарайды.
72-бап. Әкімшілік істің нақты мән-жайларын зерттеу
1. Әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік істі дұрыс қарау үшін маңызы бар нақты мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін шаралар қабылдауға міндетті.
2. Әкімшілік істің нақты мән-жайларын зерттеу тәртібі мен шектерін әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік рәсімге қатысушылардың пікірлерін ескере отырып айқындайды.
3. Әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік істің дәлелдеріне, нақты мән-жайларына байланысты болмайды және әкімшілік істі толық көлемде тексереді.
4. Әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік істің нақты мән-жайларын белгілеу мақсатында өз бастамасы бойынша дәлелдемелерді жинауға құқылы.
5. Әкімшілік орган, лауазымды адам қарау өздерінің құзыретіне жататын әкімшілік рәсімге қатысушылар ұсынған арыздар мен құжаттарды зерттеуден бас тартуға құқылы емес.
1. Әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік рәсімге қатысушыға әкімшілік іс бойынша алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге міндетті, бұл туралы әкімшілік рәсімге қатысушы алдын ала, бірақ әкімшілік акт қабылданғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етіледі.
Тыңдау:
2025.17.12. № 241-VIIІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 29 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) әкімшілік рәсімге қатысушыны осы баптың үшінші бөлігіне сəйкес өтінішхат бойынша әкімшілік іс бойынша тыңдауға шақыру, оның ішінде бейнеконференц-байланыс немесе өзге де коммуникация құралдары арқылы;
2) ақпараттық жүйелерді пайдалану;
2025.17.12. № 241-VIIІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2025 ж. 29 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) әкімшілік рәсімге қатысушыға өзінің ұстанымын баяндауға мүмкіндік беретін өзге де байланыс тәсілдері арқылы жазбаша немесе ауызша нысанда жүзеге асырылуы мүмкін.
2. Осы баптың бірінші бөлігінің ережелері, егер:
1) әкімшілік орган, лауазымды адам басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қозғамайтын қолайлы әкімшілік актіні қабылдайтын;
2) атқарушылық іс жүргізу жүзеге асырылатын;
2025.17.12. № 241-VIIІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2025 ж. 29 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында әкімшілік рәсімді жүзеге асыру үшін бес жұмыс күнінен аз мерзім белгіленген;
4) азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын, қоғамдық және (немесе) мемлекеттік мүдделерді қорғау мақсатында әкімшілік актіні дереу қабылдау талап етілетін;
5) әкімшілік рәсімге қатысушы бұл туралы өтінішхат берген;
6) оңайлатылған әкімшілік рәсім жүзеге асырылатын;
2025.17.12. № 241-VIIІ ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2025 ж. 29 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) әкімшілік іс бойынша шешім автоматтандырылған процесті жүзеге асыру кезінде қабылданатын, бұл ретте әкімшілік органға, лауазымды адамға әкімшілік таңдау берілмеген;
2025.17.12. № 241-VIIІ ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 29 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)
8) əкімшілік рəсімге қатысушыға қатысты шығарылған, белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу талап етілетін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы немесе əкімшілік рəсімге қатысушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнаулы құқығынан айырылуына негіз болған заңды күшіне енген сот актісі болған;
2025.17.12. № 241-VIIІ ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 29 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)
9) əкімшілік орган, лауазымды адам жеке қабылдауға тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылдаған;
2025.17.12. № 241-VIIІ ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 29 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)
10) əкімшілік рəсім осы Кодекстің 88-бабының бірінші бөлігі негізінде тоқтатылған жағдайларда қолданылмайды.
Осы бөліктің 4) тармақшасында белгіленген жағдайда, әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік актіде тыңдау жүргізілмеген дәлелдерді көрсетуге міндетті.
2025.17.12. № 241-VIIІ ҚР Заңымен 3-бөлік жаңа редакцияда (2025 ж. 29 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Əкімшілік рəсімге қатысушы əкімшілік іс бойынша алдын ала шешімді алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде оған қарсылық беруге немесе айтуға құқылы.
Тыңдауды ауызша нысанда өткізу үшін əкімшілік рəсімге қатысушы алдын ала шешімді алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде өтінішхат мəлімдеуге құқылы.
Бұл ретте тыңдауды өткізудің нысаны, күні, уақыты мен орны туралы күні бұрын жəне тиісті түрде хабардар етілген əкімшілік рəсімге қатысушыдан жазбаша немесе ауызша қарсылықтардың болмауы қаралатын əкімшілік істің мəні бойынша шешім қабылдауға кедергі бола алмайды.
Əкімшілік рəсімге қатысушы өз қарсылығын ауызша білдірген жағдайда əкімшілік орган, лауазымды адам тыңдау хаттамасын жүргізеді.
Жазбаша нысанда тыңдау кезінде хаттама жүргізілмейді.
4. Әкімшілік рәсімге қатысушы өз қарсылығын ауызша білдірген жағдайда, әкімшілік орган, лауазымды адам тыңдау хаттамасын жүргізеді.
2025.17.12. № 241-VIIІ ҚР Заңымен 74-баптың тақырыбы өзгертілді (2025 ж. 29 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
74-бап. Ауызша нысанда тыңдау хаттамасы
2025.17.12. № 241-VIIІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2025 ж. 29 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Ауызша нысанда тыңдау хаттамасы компьютерлік, электрондық, машинкамен жазу не қолжазба тәсілдерімен дайындалады.
2025.17.12. № 241-VIIІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (2025 ж. 29 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Ауызша нысанда тыңдау хаттамасында:
1) әкімшілік іс қаралатын орын мен күн, оның басталатын және аяқталатын уақыты;
2) әкімшілік органның атауы, лауазымды адамның, хатшының тектері және аты-жөні;
3) әкімшілік рәсімге қатысушы және (немесе) әкімшілік іске қатысатын өзге де адам туралы мәліметтер;
4) қаралатын мәселенің мазмұны;
5) қатысатын тұлғалардың түсініктемелерінің, сұрақтары мен жауаптарының, сөйлеген сөздерінің мазмұны көрсетіледі.
2025.17.12. № 241-VIIІ ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (2025 ж. 29 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Әкімшілік рәсімге қатысушы және (немесе) әкімшілік іске қатысатын өзге де адам әкімшілік істі қарау үшін өздері елеулі деп есептейтін нақты мән-жайлар туралы мәліметтерді ауызша нысанда тыңдау хаттамасына енгізу туралы өтінішхат беруге құқылы.
2025.17.12. № 241-VIIІ ҚР Заңымен 4-бөлік өзгертілді (2025 ж. 29 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Ауызша нысанда тыңдау хаттамасын төрағалық етуші мен хатшы ауызша нысанда тыңдау аяқталғаннан кейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей дайындауға және қол қоюға тиіс.
2025.17.12. № 241-VIIІ ҚР Заңымен 5-бөлік өзгертілді (2025 ж. 29 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік рәсімге қатысушыға және әкімшілік іске қатысатын өзге де тұлғаға ауызша нысанда тыңдау хаттамасымен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
2025.17.12. № 241-VIIІ ҚР Заңымен 6-бөлік өзгертілді (2025 ж. 29 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Әкімшілік рәсімге қатысушы және әкімшілік іске қатысатын өзге де адам танысқаннан кейін үш жұмыс күні ішінде ауызша нысанда тыңдау хаттамасына өз ескертулерін беруге құқылы.
Ескертулерді қарау нәтижелері бойынша төрағалық етуші оларды қанағаттандыру не оларды толық немесе ішінара қабылдамау туралы шешім қабылдайды. Барлық ескерту əкімшілік іске қоса тігіледі.
75-бап. Әкімшілік рәсімге қатысушының әкімшілік іс материалдарымен танысуы
2025.17.12. № 241-VIIІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2025 ж. 29 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Әкімшілік рәсімге қатысушыға әкімшілік істі қарау барысында да, одан кейін де өтінішхат мәлімделген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде әкімшілік іс материалдарымен танысу мүмкіндігі берілуге тиіс.
2. Әкімшілік рәсімге қатысушы әкімшілік іс материалдарымен танысқан кезде әкімшілік орган, лауазымды адам Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпия туралы заңнамасының сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
3. Әкімшілік рәсімге қатысушы әкімшілік іс материалдарымен танысу процесінде кез келген мәліметтерді және кез келген көлемде көшіріп алуға, мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын мәліметтерді қоспағанда, құжаттардың көшірмелерін, оның ішінде ғылыми-техникалық құралдардың көмегімен түсіріп алуға құқылы.
2025.17.12. № 241-VIIІ ҚР Заңымен 76-бап жаңа редакцияда (2025 ж. 29 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
76-бап. Жолданым негізінде қозғалған əкімшілік рəсімнің мерзімдері жəне оларды есептеу тəртібі
1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жолданым негізінде қозғалған əкімшілік рəсімнің мерзімі жолданым тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күнін құрайды.
2. Жолданым негізінде қозғалған əкімшілік рəсім мерзімінің (күнмен не тəулікпен есептелетін) өтуі жолданым тіркелгеннен кейінгі не осы Кодекстің 65-бабында көзделген жағдайларда əрі қарай жолданған кезде ол уəкілетті əкімшілік органға, лауазымды адамға келіп түскеннен кейінгі келесі күні басталады.
3. Жолданым негізінде қозғалған əкімшілік рəсімнің мерзімі əкімшілік орган басшысының, оның орынбасарының немесе аппараты басшысының уəжді шешімімен ақылға қонымды, бірақ əкімшілік істі дұрыс қарау үшін маңызы бар нақты мəн-жайларды анықтау қажеттігіне орай мұндай шешім қабылданған күннен бастап екі айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, əкімшілік рəсімге қатысушы бұл туралы мерзім ұзартылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабардар етіледі.
4. Шешім қабылдауға уəкілеттік берілген адам əкімшілік рəсім мерзімін негізсіз ұзартқаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес тəртіптік жəне өзге де жауаптылықта болады.
5. Егер əкімшілік рəсім мерзімінің соңғы күні жұмыс істемейтін күнге тура келсе, келесі жұмыс күні мерзім аяқталатын күн болып есептеледі.
77-бап. Әкімшілік істі қарау нәтижелері бойынша шешімдердің түрлері
1. Әкімшілік істі қарап, әкімшілік орган, лауазымды адам:
2) әкімшілік рәсімді тоқтату туралы шешімдердің бірін шығарады.
2. Әкімшілік істі қарау аяқталғаннан кейін жазбаша нысанда шешім шығарылады, ол әкімшілік рәсімге қатысушыға жіберіледі.
78-бап. Әкімшілік актілердің нысандары
1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, әкімшілік акт жазбаша (қағаз және (немесе) электрондық) нысанда қабылданады.
2. Егер әкімшілік рәсім жолданымның негізінде қозғалған болса, әкімшілік акт жазбаша (қағаз және (немесе) электрондық) нысанда ғана қабылданады.
1) азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын, қоғамдық немесе мемлекеттік мүдделерді қорғау талап етілсе;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда ауызша немесе өзге нысанда қабылдануы мүмкін.
4. Ауызша немесе өзге нысанда қабылданған әкімшілік акт әкімшілік рәсімге қатысушының өтінішхаты бойынша осындай өтінішхат мәлімделген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жазбаша (қағаз және (немесе) электрондық) нысанда ресімделуге тиіс.
79-бап. Әкімшілік актіге қойылатын жалпы талаптар
1. Әкімшілік акт заңды және негізделген болуға тиіс.
2. Әкімшілік акт түсіну үшін анық болуға, бірізді қолдануды қамтамасыз етуге, оның күші қолданылатын адамдар қатарын толық айқындауға тиіс.
80-бап. Жазбаша (қағаз және (немесе) электрондық) нысанда қабылданған әкімшілік актінің мазмұны
1. Жазбаша (қағаз және (немесе) электрондық) нысанда қабылданған әкімшілік актіде мыналар көрсетіледі:
1) әкімшілік актіні қабылдаған әкімшілік органның атауы, лауазымды адамның тегі және аты-жөні;
2) әкімшілік актінің қабылданған күні;
3) арыз иесі туралы мәліметтер: жеке тұлғалар үшін - тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), заңды тұлғалар үшін: атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны;
4) әкімшілік актіні қабылдаған кезде шешілетін мәселелердің сипаттамасы және әкімшілік актінің негіздемесі;
2025.17.12. № 241-VIIІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2025 ж. 29 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) лауазымды адамның қолы немесе электрондық цифрлық қолтаңбасы.
2. Жазбаша (қағаз және (немесе) электрондық) нысанда қабылданған әкімшілік актінің негіздемесі, егер:
1) әкімшілік орган, лауазымды адам басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қозғамайтын қолайлы әкімшілік актіні қабылдаған;
2025.17.12. № 241-VIIІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2025 ж. 29 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) әкімшілік орган, лауазымды адам күнтізбелік отыз күн ішінде саны бес әкімшілік актіден асатын бір нысана туралы ұқсас әкімшілік актілерді (бұл ретте ұқсас əкімшілік актілердің біріншісі негізделген болуға тиіс) үздіксіз қабылдаған немесе әкімшілік актілерді интернет-ресурстарда орналастыруды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялаған және әрбір жағдайда негіздеу қажеттігі болмаған;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда талап етілмейді.
3. Жазбаша (қағаз және (немесе) электрондық) нысанда қабылданған әкімшілік акт қолданысы әкімшілік актінің қолданылу мерзімінен аспайтын қосымшалар мен басқа да қосымша құжаттарды қамтуы мүмкін.
4. Қосымшалар мен басқа да қосымша құжаттар әкімшілік актінің ажырамас бөлігі болып табылады.
2025.17.12. № 241-VIIІ ҚР Заңымен 5-бөлікпен толықтырылды (2025 ж. 29 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)
5. Əкімшілік актіде немесе оған қосымшада қарау үшін шағым берілуі мүмкін жоғары тұрған əкімшілік орган, лауазымды адам немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес шағымдарды қарауға уəкілеттік берілген өзге де əкімшілік орган, лауазымды адам, осындай шағымды беруге болатын мерзім жəне осы актіге шағым жасау тəртібі міндетті түрде көрсетіледі.
Жоғары тұрған əкімшілік орган, лауазымды адам немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес шағымдарды қарауға уəкілеттік берілген өзге де əкімшілік орган, лауазымды адам болмаған жағдайда əкімшілік актіде немесе оған қосымшада осы актіге сотқа дау айту тəртібі мен мерзімі көрсетіледі.
81-бап. Әкімшілік рәсімге қатысушының назарына жеткізу
1. Жазбаша (қағаз) нысанда қабылданған әкімшілік акт осы Кодекстің 66-бабына сәйкес әкімшілік рәсімге қатысушының назарына жеткізіледі.
2. Электрондық нысанда қабылданған әкімшілік акт Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік рәсімге қатысушының назарына жеткізіледі.
3. Ауызша нысанда қабылданған әкімшілік акт ауызша хабарлау арқылы әкімшілік рәсімге қатысушының назарына жеткізіледі.
4. Өзге нысанда қабылданған әкімшілік акт оны көріп және (немесе) естіп қабылдау үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы әкімшілік рәсімге қатысушының назарына жеткізіледі.
5. Мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қамтымайтын әкімшілік акт, егер әкімшілік актінің адресаты туралы мәліметтер белгісіз болса, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда интернет-ресурстарда орналастыруға жатады.
82-бап. Қате жазуларды және (немесе) арифметикалық қателерді түзету
1. Әкімшілік орган, лауазымды адам өзінің бастамасы бойынша немесе әкімшілік рәсімге қатысушының өтінішхаты бойынша әкімшілік актінің мазмұнын өзгертпей, әкімшілік актіде жіберілген қате жазуларды және (немесе) арифметикалық қателерді түзетуге құқылы.
2. Әкімшілік орган, лауазымды адам түзету үшін қажет құжатты талап етуге құқылы.
3. Қате жазуларды және (немесе) арифметикалық қателерді түзетулер туралы өтінішхатты қарау арыз келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
4. Қате жазулар және (немесе) арифметикалық қателер лауазымды адамның қолымен расталады.
5. Түзетілген әкімшілік актінің көшірмесі әкімшілік акт түзетілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде әкімшілік рәсімге қатысушыға жіберіледі.
83-бап. Әкімшілік актінің күшіне енуі, қолданысқа енгізілуі және қолданысының тоқтатылуы
1. Әкімшілік акт, егер онда анағұрлым кеш мерзім көрсетілмесе, қабылданған кезден бастап күшіне енеді.
2. Әкімшілік акт осы Кодекстің 81-бабында белгіленген тәртіппен әкімшілік рәсімге қатысушының назарына жеткізілген кезден бастап қолданысқа енгізіледі.
3. Әкімшілік актіде көзделген оқиға басталған, оның талаптары орындалған, әкімшілік актінің күші жойылған немесе қолданыс мерзімі өткен кезден бастап әкімшілік акт қолданысын тоқтатады.
84-бап. Заңсыз әкімшілік актінің күшін жою
1. Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдер туралы заңнамасын бұзу, егер мұндай бұзу дұрыс емес әкімшілік акт қабылдауға алып келсе не алып келуі мүмкін болса, әкімшілік актіні заңсыз деп тану үшін негіз болып табылады.
Мәні бойынша дұрыс әкімшілік акт бір ғана формальды негіздер бойынша заңсыз деп таныла алмайды.
2025.17.12. № 241-VIIІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (2025 ж. 29 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Заңсыз әкімшілік актінің толық немесе бір бөлігінде күшін оны қабылдаған əкімшілік орган, лауазымды адам немесе жоғары тұрған əкімшілік орган, лауазымды адам не сот жоя алады.
3. Заңсыз әкімшілік актінің күші жойылған кезде әкімшілік актіні заңсыз деп танудың заңды салдары туралы шешім қабылданады.
Әкімшілік акт қабылданған кезден бастап та, ол заңсыз деп танылған кезден бастап та жарамсыз деп танылуы мүмкін.
4. Заңсыз ауыртпалық түсіретін әкімшілік акт міндетті түрде күші жойылуға жатады.
5. Заңсыз қолайлы әкімшілік актінің күшін жойған кезде әкімшілік рәсімге қатысушының сенім құқығын қорғау қағидаты назарға алынады.
6. Әкімшілік рәсімге қатысушы, егер:
1) соның негізінде әкімшілік акт шығарылған құқықтық акт конституциялық емес деп танылса;
2) әкімшілік рәсімдерге қатысушы ұсынған құжаттың не мәліметтердің қасақана анық еместігі белгіленсе;
3) әкімшілік акт әкімшілік рәсімге қатысушының заңды күшіне енген сот үкімімен немесе қаулысымен, прокурордың, қылмыстық қудалау органының, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген органның (лауазымды адамның) қаулысымен белгіленген құқыққа қарсы әрекеттерді жасауы нәтижесінде қабылданса;
4) әкімшілік акт мемлекеттік немесе қоғамдық мүдделерді, мемлекеттің қауіпсіздігін қозғайтын не адамдардың өмірі, денсаулығы үшін ауыр еңсерілмес салдарға алып келуі мүмкін болса, сенім құқығын қорғау қағидатына сілтеме жасауға құқылы емес.
7. Заңсыз қолайлы әкімшілік акт осы баптың алтыншы бөлігінде көзделген жағдайларда ғана күші жойылуға жатады.
2025.17.12. № 241-VIIІ ҚР Заңымен 8-бөлік өзгертілді (2025 ж. 29 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8. Осы баптың алтыншы бөлігінің 1) жəне 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша заңсыз қолайлы әкімшілік актінің күшін жою салдарынан туындаған зиян әкімшілік рәсімге қатысушыға орны толтырылуға жатады, оның сенім құқығы Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасының қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалады.
2025.17.12. № 241-VIIІ ҚР Заңымен 9-бөлікпен толықтырылды (2025 ж. 29 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)
9. Əкімшілік рəсімге қатысушы осы Кодекстің 66-бабында көзделген тəртіппен заңсыз қолайлы əкімшілік актінің күшін жою туралы хабардар етіледі.
85-бап. Заңды әкімшілік актінің күшін жою
1. Қазақстан Республикасының заңнамасының негізінде және талаптарына сәйкес қабылданған әкімшілік акт заңды болып есептеледі.
2. Заңды әкімшілік актінің толық немесе бір бөлігінде күшін жойылуы мүмкін.
3. Заңды ауыртпалық түсіретін әкімшілік актінің күшін жоюға Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған жағдайларды қоспағанда, әкімшілік орган, лауазымды адам мұндай актінің күшін жоюы мүмкін.
1) әкімшілік актінің күшін жою мүмкіндігі Қазақстан Республикасының заңдарында және әкімшілік актіде көзделсе;
2) әкімшілік акт шартпен қабылданса және бұл шарт орындалмаса не тиісінше түрде орындалмаса, заңды қолайлы әкімшілік актінің күші жойылуы мүмкін.
86-бап. Әкімшілік актіні орындау тәртібі мен мерзімдері
2025.17.12. № 241-VIIІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2025 ж. 29 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Әкімшілік акт əкімшілік органдар, лауазымды адамдар, жеке жəне заңды тұлғалар үшін міндетті және орындалуға жатады.
2. Әкімшілік актіні, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, оны қабылдаған әкімшілік орган, лауазымды адам орындауға енгізеді.
3. Әкімшілік акт, егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе әкімшілік актіде өзгеше белгіленбесе, бес жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.
12-тарау. ОҢАЙЛАТЫЛҒАН ӘКІМШІЛІК РӘСІМ
87-бап. Оңайлатылған әкімшілік рәсімді жүзеге асыру тәртібі
1. Хабарламаларды, ұсыныстарды, үн қосуларды және сұрау салуларды қарау оңайлатылған әкімшілік рәсім тәртібімен жүзеге асырылады.
2025.17.12. № 241-VIIІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (2025 ж. 29 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Оңайлатылған әкімшілік рәсімді мемлекеттік орган, жергілікті өзін-өзі басқару органы, мемлекеттік заңды тұлға, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлға және олардың лауазымды адамдары осы бөлімде белгіленген тәртіппен, осы тарауда белгіленген ерекшеліктермен жүзеге асырады.
2025.17.12. № 241-VIIІ ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (2025 ж. 29 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Осы тараудың мақсаты үшін мемлекеттік органға, жергілікті өзін-өзі басқару органына, мемлекеттік заңды тұлғаға, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаға және олардың лауазымды адамдарына хабарлама, ұсыныс, үн қосу немесе сұрау салу жіберген тұлға арыз иесі деп түсініледі.
88-бап. Оңайлатылған әкімшілік рәсімді тоқтату
1. Мына мән-жайлардың тым болмағанда бірі болған кезде:
1) қайталама хабарламаларда, ұсыныстарда, үн қосуларда, сұрау салуларда жаңа дәлелдер немесе жаңадан ашылған мән-жайлар келтiрiлмесе, ал алдыңғы хабарламаның, ұсыныстың, үн қосудың, сұрау салудың материалдарында тексерудің қажетті материалдары болса және арыз иесіне белгіленген тәртіппен жауаптар берілсе;
2) хабарламаның, ұсыныстың, үн қосудың, сұрау салудың авторын анықтау мүмкін болмаса, арыз иесінің қолтаңбасы, оның ішінде электрондық цифрлық қолтаңбасы, пошталық мекенжайы болмаса, оларда дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстық құқық бұзушылық не мемлекеттік немесе қоғамдық қауіпсіздікке төнген қатер туралы және олардың құзыретіне сәйкес мемлекеттік органдарға дереу жолдануға жататын мәліметтер қамтылған жағдайларды қоспағанда;