(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ МҮЛКІН СЕНІМГЕРЛІК БАСҚА...

Мемлекеттік қызметшілердің мүлкін сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 18 мамырдағы № 116 бұйрығы

 

Осы редакция 2026 ж. 13 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 5-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Мемлекеттік қызметшілердің мүлкін сенімгерлік басқаруға беру қағидалар осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызмет өткеру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік қызмет

істері агенттігі төрағасы

2023 жылғы 18 мамырдағы

№ 116 бұйрыққа

қосымша

 

 

Мемлекеттік қызметшілердің мүлкін сенімгерлік басқаруға беру

қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Мемлекеттік қызметшілердің мүлкін сенімгерлік басқаруға беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (ерекше бөлім) және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және мемлекеттік қызметшілердің мүлкін сенімгерлік басқаруға беру тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.