«Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге байланысты ресми қатысушыларға арналған жеңілдіктер мен преференциялар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық көрмелер бюросы арасындағы Келісімге сәйкес жеңілдіктер мен преференцияларға құқығы бар тұлғалардың салық міндеттемелерін орындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 30 мамырдағы № 348 бұйрығы (күші жойылды)

Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге байланысты ресми қатысушыларға арналған жеңілдіктер мен преференциялар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық көрмелер бюросы арасындағы Келісімге сәйкес жеңілдіктер мен преференцияларға құқығы бар тұлғалардың салық міндеттемелерін орындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 30 мамырдағы № 348 бұйрығы

 

ҚР Қаржы министрінің м.а. 2019 жылғы 6 қарашадағы № 1226 бұйрығымен күші жойылды

 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Салық кодексі) 26-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге байланысты ресми қатысушыларға арналған жеңілдіктер мен преференциялар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық көрмелер бюросы арасындағы Келісімге сәйкес жеңілдіктер мен преференцияларға құқығы бар тұлғалардың салық міндеттемелерін орындау қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамамен белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнында ресми жариялануын және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін жіберілуін;

3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолдануын;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.