«Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 1 шілдедегі № 331-VIII Заңы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ЗАҢЫ

 

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне:

467-баптың 1-1-бөлігіндегі «2027» деген цифрлар «2030» деген цифрлармен ауыстырылсын.

2-тармақ 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

2. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне:

1) 59-бапта:

екінші бөліктің 7) тармағы «прокурорға» деген сөзден кейін «айыптау актісімен немесе» деген сөздермен толықтырылсын;

төртінші бөліктің үшінші сөйлеміндегі «қылмыстық істі сотқа дейінгі» деген сөздер «қылмыстық істі айыптау актісімен немесе сотқа дейінгі» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 60-баптың үшінші бөлігінің бірінші абзацы «сипатталған» деген сөзден кейін «айыптау актісін немесе» деген сөздермен толықтырылсын;

3) 62-баптың бесінші бөлігінің бірінші абзацындағы «бекітеді; сотқа дейінгі» деген сөзден кейін «бекітеді; айыптау актісін немесе сотқа дейінгі» деген сөздермен ауыстырылсын;

4) 63-баптың алтыншы бөлігінің үшінші сөйлемі «хаттамасымен,» деген сөзден кейін «айыптау актісімен немесе» деген сөздермен толықтырылсын;

5) 65-бапта:

бірінші бөліктің 1) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) прокурор айыптау актісін жасаған немесе бекіткен;»;

бесінші бөліктің 2) тармағы «жасаған» деген сөзден кейін «немесе» бекіткен» деген сөздермен толықтырылсын;

6) 151-баптың он үшінші бөлігі «Прокурордың» деген сөзден кейін «айыптау актісімен немесе» деген сөздермен толықтырылсын;

7) 152-баптың жетінші бөлігі «прокурордың» деген сөзден кейін «айыптау актісімен немесе» деген сөздермен толықтырылсын;

8) 192-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы «істі тоқтату туралы қаулымен,» деген сөздерден кейін «айыптау актісімен немесе» деген сөздермен толықтырылсын;

9) 193-бапта:

бірінші бөліктің 16) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«16) осы Кодекстің 298-бабы бірінші бөлігінің талаптарын ескере отырып, айыптау актісін бекітеді немесе жасайды;»;

екінші бөліктің екінші абзацының 9) тармағы «жасау» деген сөзден кейін «немесе бекіту» деген сөздермен толықтырылсын;

10) 195-баптың екінші бөлігі «хаттамасына,» деген сөзден кейін «айыптау актісіне немесе» деген сөздермен толықтырылсын;

11) 38-тараудың тақырыбындағы «Сотқа» деген сөз «Айыптау актісін немесе сотқа» деген сөздермен ауыстырылсын;

12) 298-баптың тақырыбы мен бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«298-бап. Айыптау актісін немесе сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасау

1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам процеске қатысушыларды қылмыстық іс материалдарымен таныстырғаннан жəне олардың өтінішхаттарын шешкеннен кейін:

1) ішкі істер органдарының жəне экономикалық тергеп-тексеру қызметінің тергеушілері тергейтін аса ауыр қылмыстар туралы, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабының 29) тармағында көзделген, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы істер бойынша, сондай-ақ осы Кодекстің 547, 548, 549, 550, 551 жəне 551-1-баптарында көзделген жағдайларда - сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті;

2) өзге қылмыстар туралы істер бойынша - айыптау актісін жасайды.»;

13) мынадай мазмұндағы 299-1-баппен толықтырылсын:

«299-1-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамдар жасайтын айыптау актісінің мазмұны

1. Айыптау актісі кіріспе, сипаттау-уəждеу жəне қарар бөліктерінен тұрады.

2. Кіріспе бөлікте:

1) айыптау актісі жасалған күн мен орын;

2) айыптау актісін жасаған адамның лауазымы, тегі мен аты-жөні;

3) күдіктінің тегі, аты жəне əкесінің аты (егер ол жеке басын куəландыратын құжатта көрсетілсе), туған күні, айы, жылы жəне туған жері көрсетіледі.

3. Сипаттау-уəждеу бөлігінде:

1) жасалған қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасы, уақыты, орны, оның тəсілі, себебі, салдары, саралануы жəне өзге де мəн-жайлар;

2) жəбірленуші туралы, оған келтірілген зиянның сипаты мен мөлшері туралы мəліметтер;

3) қылмыстық құқық бұзушылық жасау арқылы алынған мүлік туралы мəліметтер;

4) күдіктінің жауаптылығын ауырлататын жəне жеңілдететін мəн-жайлар;

5) күдікті туралы мəліметтер (азаматтығы, отбасылық жағдайы, айналысатын кəсібі, білімі, тұрғылықты жері, сотталғандығының бар-жоғы), оны сипаттайтын өзге де деректер, оған қатысты таңдалған бұлтартпау шарасы;

6) адамды айыптауға негіз болатын мəн-жайларды растайтын дəлелдемелердің тізбесі;

7) алкогольге, есірткіге немесе басқа да тəуелділіктен емдеуді қолданудың алғышарттары болып табылатын мəн-жайлар туралы мəліметтер баяндалады.

4. Айыптау актісінің қарар бөлігінде күдіктінің тегі, аты жəне əкесінің аты (егер ол жеке басын куəландыратын құжатта көрсетілсе), оған жасады деп айып тағылып отырған іс-əрекет сараланатын қылмыстық заңның нақты бабы, бабының бөлігі мен тармағы жəне сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның айыптау актісін бекіту туралы мəселені шешу үшін қылмыстық істі прокурорға жолдағаны жəне қылмыстық істі мəні бойынша қарау үшін сотқа жолдағаны туралы көрсетіледі.

5. Айыптау актісіне оны жасаған адам қол қояды.

6. Адам қылмыстық заңның əртүрлі баптарында, баптарының бөліктерінде немесе тармақтарында көзделген бірнеше қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп айыпталған кезде айыптау актісінде осы қылмыстық құқық бұзушылықтардың əрқайсысы жеке сараланып көрсетілуге тиіс.

Бір қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп бірнеше адам айыпталған кезде айыптау актісінде қылмыстық құқық бұзушылықтың саралануы əрбір күдіктіге қатысты көрсетіледі.

7. Айыптау актісіне осы Кодекстің 299-бабының үшінші бөлігінде көзделген құжаттар қоса беріледі.»;

14) 300-бапта:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«300-бап. Қылмыстық істі прокурорға жіберу»;

бірінші бөлік «Қылмыстық іс» деген сөздерден кейін «айыптау актісімен немесе» деген сөздермен толықтырылсын;

15) 39-тараудың тақырыбындағы «Сотқа» деген сөз «Айыптау актісімен немесе сотқа» деген сөздермен ауыстырылсын;

16) 301-бапта:

тақырыптағы «Сотқа» деген сөз «Айыптау актісімен немесе сотқа» деген сөздермен ауыстырылсын;

бірінші абзац «Прокурор» деген сөзден кейін «айыптау актісімен немесе» деген сөздермен толықтырылсын;

17) 302-бапта:

тақырыптағы «Сотқа» деген сөз «Айыптау актісімен немесе сотқа» деген сөздермен ауыстырылсын;

бірінші бөлікте:

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есеппен бірге келіп түскен істер бойынша айыптау актісін жасайды, ал айыптау актісімен бірге келіп түскен істер бойынша оны бекітеді;»;

мынадай мазмұндағы 2-1) тармақпен толықтырылсын:

«2-1) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам жасаған айыптау актісімен келіспеген кезде айыптау актісін қайта жасайды;»;

18) 314-бапта:

үшінші бөліктің екінші абзацы алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:

«Ескертпе. Осы бапта сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталған жер деп айыптау актісі, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есеп, айыптау хаттамасы, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасы, қылмыстық теріс қылық туралы хаттама жасалған жер, медициналық сипаттағы мəжбүрлеу шараларын қолдану үшін істі сотқа жіберу туралы қаулы шығарылған жер түсініледі.»;

19) 537-баптың үшінші бөлігіндегі «прокурор жасаған» деген сөздер «жасалған» деген сөзбен ауыстырылсын.

3. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне:

1) 61-бап мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

«Тұлға əкімшілік жаза қолдануды жоятын рақымшылық жасау актісі негізінде əкімшілік жазадан босатылған жағдайда тұлға əкімшілік жазаға тартылды деп есептелетін мерзім рақымшылық жасау актісі қолданылған күннен бастап есептеледі.»;

2) 63-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

«Рақымшылық жасау актісі қолданылған кезде құқық бұзушының жəне жəбірленушінің (ол болған кезде) келісімі талап етілмейді.»;

3-тармағының 3) тармақшасы 2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі

3) 726-бапта:

бірінші бөліктегі «519-баптарында» деген сөздер «519, 641 (аса маңызды цифрлық объектілерге қатысты)-баптарында» деген сөздермен ауыстырылсын;

екінші бөлікте:

«519-баптары» деген сөздер «519, 641 (аса маңызды цифрлық объектілерге қатысты)-баптары» деген сөздермен ауыстырылсын;

«департамент бастығы мен оның» деген сөздер «қызмет, департамент бастығы жəне олардың» деген сөздермен ауыстырылсын;

4) 741-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:

«16) рақымшылық жасау актісінің болуы.»;

5) 821-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

«3) əкімшілік жазадан рақымшылық жасау актісі негізінде босату туралы.»;

6) 861-баптың бірінші бөлігіндегі «жəне 11)» деген сөздер «, 11) жəне 16)» деген сөздермен ауыстырылсын;

7) 887-баптың екінші бөлігіндегі «Əкімшілік жаза» деген сөздер «Рақымшылық жасау актісі қолданылған жағдайларды қоспағанда, əкімшілік жаза» деген сөздермен ауыстырылсын;

8) мынадай мазмұндағы 889-1-баппен толықтырылсын:

«889-1-бап. Цифрлық жүйені қолдана отырып, əкімшілік жазаны орындауды рақымшылық жасау актісіне байланысты тоқтату

1. Əкімшілік жазаны қолдану туралы қаулыны орындау тиісті əкімшілік құқық бұзушылықтарға қолданылатын рақымшылық жасау туралы актіде көзделген жағдайларда жəне тəртіппен тоқтатылуға тиіс.

2. Рақымшылық жасау туралы актінің қолданылу аясына жататын тұлғалардың тізілімі рақымшылық жасау актісінде айқындалған, цифрлық жүйедегі өлшемшарттар негізінде алгоритмдік шешім арқылы Əкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімімен қалыптастырылуы мүмкін.

3. Рақымшылық жасау туралы актінің қолданылу аясына жататын тұлғалардың тізілімінде қалыптастырылған əкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша рақымшылық жасау актісін қолдану туралы шешімді уəкілетті орган (лауазымды адам) цифрлық форматта қабылдайды жəне уəкілетті органның (лауазымды адамның) электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куəландырылады.

Өзіне қатысты əкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған тұлға əкімшілік жазаны орындаудың тоқтатылғаны туралы осы Кодекстің 743-бабында көзделген тəртіппен хабардар етіледі.».

2-бап. Осы Заң:

1) 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағының 3) тармақшасын;

2) 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Қ. ТОҚАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2026 жылғы 1 шілде

№ 331-VIII ҚРЗ