Орман орналастыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтеріне қатысты бағаны бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 8 қарашадағы № 305-Ө бұйрығы
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 2024 жылғы 28 тамыздағы № 196-Ө бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 55-бабының 2-тармағының екінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Орман орналастыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтеріне қатысты бағалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.