Шаруашылық және өзге қызметтерге экологиялық нормативтер мен экологиялық талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 13 қазандағы № 57 бұйрығы
Осы редакция 2016 жылғы 6 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 17-бабы 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған шаруашылық және өзге қызметтерге экологиялық нормативтер мен экологиялық талаптар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Қалдықтарды басқару департаменті (Шаханов Б.М.):
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өтуін;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде оның мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты ресми жариялауға және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйеге жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3) Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
4) Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.