15-бап. Конституциялық Соттың судьясы мертіккен немесе қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайдағы өтемақылар
1. Конституциялық Соттың судьясы өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезеңінде мертіккен (жарақат алған, жараланған, контузия алған, кәсіптік ауруға шалдыққан) кезде оған осы бапта белгіленген мөлшерде біржолғы өтемақы төлеу жүргізіледі.
2. Конституциялық Соттың судьясы қызметтік міндеттерін атқару кезінде не Конституциялық Сот судьясының өкілеттігі тоқтатылғаннан кейін қызметтік міндеттерін атқару кезінде алған мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузиясы, кәсіптік ауруы) салдарынан бір жыл ішінде қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда мұрагерлеріне Конституциялық Сот судьясының отыз айлық лауазымдық айлықақысы мөлшерінде біржолғы өтемақы төленеді.
Бұл ретте Конституциялық Соттың судьясы, егер оның өкілеттігі өзіне қатысты соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енуіне байланысты тоқтатылған болса, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген өтемақы алу құқығынан айырылады.
3. Конституциялық Соттың судьясына қызметтік міндеттерін атқару кезінде алған мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузиясы, кәсіптік ауруы) салдарынан болған мүгедектік белгіленген кезде оған біржолғы өтемақы:
1) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға - жиырма айлық лауазымдық айлықақы;
2) екінші топтағы мүгедектігі бар адамға - он бес айлық лауазымдық айлықақы;
3) үшінші топтағы мүгедектігі бар адамға - бес айлық лауазымдық айлықақы мөлшерлерінде төленеді.
4. Конституциялық Соттың судьясы қызметтік міндеттерін атқару кезінде мүгедектікті белгілеуге алып келмеген ауыр мертіккен (жарақаттанған, жараланған, контузия алған, кәсіптік ауруға шалдыққан) жағдайда - оған бір жарым айлық лауазымдық айлықақысы, жеңіл мертіккен жағдайда жарты айлық лауазымдық айлықақысы мөлшерінде біржолғы өтемақы төленеді.
5. Конституциялық Соттың қайтыс болған немесе қаза тапқан судьяларын және Конституциялық Соттың судьясы лауазымынан зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлерді жерлеу үшін олар қайтыс болған кездегі Конституциялық Сот судьясының үш айлық жалақысы мөлшерінде біржолғы ақшалай өтемақы төленеді.
6. Біржолғы өтемақы төлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
7. Егер Конституциялық Сот судьясының мертiгуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы, кәсiптік ауруға шалдығуы) немесе қаза табуы (қайтыс болуы) қызметтiк мiндеттерiн атқарумен байланысты емес мән-жайлардан болғаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен дәлелденсе, бiржолғы өтемақы төленбейдi.
2023.20.04. № 225-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 16-бап өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
16-бап. Конституциялық Соттың судьяларын әлеуметтік қорғау
Конституциялық Соттың судьяларын әлеуметтік қорғау Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен және шарттарда жүзеге асырылады.
4-тарау. КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТТЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
17-бап. Конституциялық Соттың қызметін қаржыландыру
Конституциялық Соттың және оның Аппаратының қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында Қазақстан Республикасы Конституциясының үстемдігін қамтамасыз ету жөніндегі өкілеттіктерді толық және тәуелсіз жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс.
18-бап. Конституциялық Соттың Аппараты
Конституциялық Соттың Аппараты Конституциялық Соттың қызметін құқықтық, ақпараттық-анықтамалық, ғылыми-консультативтік және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
Конституциялық Соттың Аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады.
Конституциялық Сот Аппаратының қызметi Қазақстан Республикасының заңнамасымен, Конституциялық Соттың Регламентiмен және Конституциялық Соттың Аппараты туралы ережемен реттеледi.
Конституциялық Сот Аппаратының қызметкерлері мемлекеттік қызметшілер болып табылады.
Конституциялық Сот Аппараты қызметкерлерінің құқықтық жағдайы және олардың еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасымен реттеледі.
19-бап. Конституциялық Соттың талдаушысы
1. Конституциялық Соттың талдаушысы конституциялық іс жүргізуді құқықтық және ғылыми-талдамалық сүйемелдеуді қамтамасыз ететін және Конституциялық Сотқа келіп түсетін өтініштердің тиісінше қаралуына жәрдем ететін мемлекеттік қызметші болып табылады.
2. Конституциялық Соттың талдаушысы:
1) Конституциялық Соттың судьясы-баяндамашымен өзара іс-қимыл жасай отырып, Конституциялық Соттың отырысына материалдарды дайындау жөнінде шаралар қолданады;
2) өтініш бойынша сарапшыларды (мамандарды) тарту, мүдделі адамдарға сауал қою және өзге де әрекеттерді жүргізу туралы процестік құжаттардың жобаларын дайындайды;
3) Конституциялық Соттың судьялары үшін баяндама дайындай отырып, конституциялық іс жүргізу материалдарына талдау жасайды және жинақтап қорытады;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды орындайды.
20-бап. Конституциялық Сот жанындағы ғылыми-консультативтік кеңес
1. Конституциялық Соттың жанынан консультативтік-кеңесші орган болып табылатын ғылыми-консультативтік кеңес құрылуы мүмкін.
2. Ғылыми-консультативтік кеңестің құрамы, міндеттері мен қызмет тәртібі Конституциялық Сот бекітетін ережеде айқындалады.
21-бап. Конституциялық Соттың халықаралық ынтымақтастығы
Конституциялық Сот Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен халықаралық және өңірлік құқық қорғау ұйымдарымен, сондай-ақ шет елдердің конституциялық бақылау органдарымен ынтымақтастық жасайды, олар құратын қауымдастықтардың және өзге де бірлестіктердің мүшесі бола алады. Өзара іс-қимыл жасаудың нысанасы мен тетігін айқындау үшін ынтымақтастық туралы келісімдер (меморандумдар) жасалуы мүмкін.
22-бап. Конституциялық Сот судьяларының куәліктері, төсбелгісі мен мантиясы, сондай-ақ Конституциялық Соттың ресми басылымы және өзге де ресурстары
1. Конституциялық Соттың судьяларына Қазақстан Республикасының Президенті қол қоятын белгіленген үлгідегі куәліктер, сондай-ақ төсбелгі мен мантия беріледі.
2. Төсбелгі мен мантия туралы ережені, олардың үлгілері мен сипаттамасын Конституциялық Сот бекітеді.
3. Конституциялық Соттың ресми басылымы «Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының жаршысы» болып табылады.
4. Конституциялық Сот кітапхана ашуға, интернет-ресурс, рәміздер және өзге де айырым белгілер жасауға құқылы.
5-тарау. КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТТЫҢ ҚҰЗЫРЕТІ ЖӘНЕ ОНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ҰЙЫМДЫҚ НЫСАНДАРЫ
23-бап 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 23-бап жаңа редакцияда (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
23-бап. Конституциялық Соттың құзыреті
1. Конституциялық Сот Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес даулы жағдайда:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын;
2) Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауын;
3) жалпыхалықтық референдумды өткізудің дұрыстығы туралы мәселені шешеді.
2. Конституциялық Сот Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабы 1-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларына сәйкес:
1) Қазақстан Республикасының Президенті қол қойғанға дейін Қазақстан Республикасының Құрылтайы қабылдаған заңдардың;
2) Қазақстан Республикасының Құрылтайы қабылдаған қаулылардың;
3) ратификацияланғанға дейін халықаралық шарттардың;
4) халықаралық ұйымдар мен олардың органдары шешімдерінің орындалуының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарайды.
3. Конституциялық Сот Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабы 1-тармағының 6) және 7) тармақшаларына және 6-тармағына сәйкес:
1) Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына ресми түсіндірме;
2) Қазақстан Республикасы Конституциясының 50 және 51-баптарында белгіленген жағдайларда қорытынды береді.
1) Қазақстан Республикасы Конституциясының 56-бабының 14) тармақшасына сәйкес конституциялық іс жүргізу практикасын жинақтап қорыту нәтижелері бойынша жыл сайын Қазақстан Республикасының Құрылтайына Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жолдау жібереді;
2) Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Конституциясының 46-бабының 11) тармақшасында көзделген жағдайда - Қазақстан Республикасы Президентінің өтінішін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының 79-бабында көзделген жағдайда соттың өтініштерін қарайды;
3) Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген құқықтары мен бостандықтарына тікелей қатысты Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін олардың өтініштері бойынша қарайды;
4) Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының өтініштерін қарайды;
5) Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өтініштерін қарайды.
5. Конституциялық Сот тек қана құқық мәселелерін шешеді және жүгінуге себеп болған нақты мән-жайларға, лауазымды адамдар мен судьялардың әрекеттеріне және (немесе) әрекетсіздігіне баға бермейді.
24-бап. Конституциялық Соттың өзге де өкiлеттiктерi
Конституциялық Сот:
1) құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдардан, ұйымдардан құжаттарды, материалдар мен өзге де ақпаратты сұратуға және алуға, сондай-ақ белгіленген тәртіппен сарапшыларды (мамандарды) сараптамалық және ғылыми-консультациялық жұмысқа тартуға құқылы (егер Конституциялық Сот өзге мерзімді көрсетпесе, мұндай сұрау салулар бойынша қажетті құжаттар мен өзге де ақпарат он бес жұмыс күні ішінде берілуге тиіс);
2) осы Конституциялық заңда белгiленген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
25-бап. Конституциялық Соттың отырыстары
1. Конституциялық Сот өз өкілеттігіне кіретін мәселелерді Конституциялық Соттың отырыстарында қарайды және шешеді.
2. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Конституциялық Соттың отырысы, егер оған Конституциялық Сот судьяларының жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды болады.
3. Азаматтардың өтініштерін отырыста қарауды Конституциялық Соттың бес судьясынан Конституциялық Сот қалыптастыратын судьялар құрамы жүзеге асыруы мүмкін. Бұл ретте Конституциялық Соттың нормативтік қаулылары бірауыздан ғана қабылдануы мүмкін.
Конституциялық Сот судьяларының құрамы қабылдаған Конституциялық Соттың нормативтік қаулылары Конституциялық Соттың Төрағасы оларға қол қойғанға дейін дауыс беруге қатысқан Конституциялық Сот судьяларының қолтаңбаларымен алдын ала бекемделеді.
4. Егер судьялар құрамының шешімі қабылданбаса, сондай-ақ азаматтың өтініші бойынша судьялар құрамының шешімі бұрын қабылданған шешімдерде білдірілген құқықтық позицияларда алшақтықтарға алып келуі мүмкін не маңызды мәні бар тұжырымдамалық мәселелерді қозғайтын жағдайда, Конституциялық Соттың Төрағасы осы баптың 2-тармағының талабы ескеріле отырып өткізілетін Конституциялық Соттың отырысына осы өтінішті енгізеді.
2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабының 3, 4 және 5-тармақтарында аталған субъектілердің өтініштерін конституциялық іс жүргізуге қабылдау туралы мәселені отырыста қарауды Конституциялық Сот Төрағасының, оның орынбасарының не Конституциялық Сот Төрағасының тапсырмасы бойынша судьялардың бірінің төрағалық етуімен Конституциялық Соттың үш судьясы жүзеге асыруы мүмкін.
6. Конституциялық Соттың отырыстарын қажеттілігіне қарай Конституциялық Соттың Төрағасы шақырады.
26-бап. Конституциялық Соттың кеңестері
Конституциялық Соттың кеңестері конституциялық іс жүргізуді жүзеге асырумен тікелей байланысты емес және Конституциялық Соттың отырыстарында шешілетін мәселелерге жатпайтын мәселелер бойынша өткізілуі мүмкін.
27-бап. Конституциялық Сот Төрағасының өкiлеттiктері
1. Конституциялық Соттың Төрағасы:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен және ұйымдарымен, сондай-ақ шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың органдарымен қатынастарда Конституциялық Сот атынан өкілдік етеді;
2) Конституциялық Сот iс жүргiзуге қабылдаған мәселелердi қарауға дайындауды басқарады;
3) Конституциялық Соттың отырыстары мен кеңестерін шақырады, оларға төрағалық етеді, олардың қарауына мәселелер енгізеді;
4) Конституциялық Сот судьяларының жұмысын ұйымдастырады;
5) отырыстар өткізуді қамтамасыз ету жөніндегі шараларды айқындайды;
2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) Қазақстан Республикасы Құрылтайының отырысында Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы Конституциялық Соттың жолдауын жария етеді;
7) шешімдерге, сондай-ақ өзі төрағалық еткен Конституциялық Сот отырыстарының хаттамаларына қол қояды;
8) Конституциялық Соттың бекітуіне оның Регламентін, Конституциялық Сот жанындағы ғылыми-консультативтік кеңес туралы ережені, ғылыми-консультативтік кеңестің хатшысы мен мүшелерінің кандидатураларын ұсынады;
9) Конституциялық Соттың Аппараты туралы ережені, бөлінген бюджет қаражаты шегінде - Конституциялық Сот Аппаратының құрылымы мен штат кестесін бекітеді;
10) Конституциялық Сот Аппаратының басшысын және оның орынбасарларын лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;
11) осы Конституциялық заңға және Конституциялық Соттың Регламентіне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Конституциялық Соттың Төрағасы өз құзыретінің мәселелері бойынша бұйрықтар мен өкімдер шығарады.
3. Конституциялық Соттың Төрағасы уақытша болмаған жағдайларда оның міндеттерін - Конституциялық Сот Төрағасының орынбасары, ал Төрағаның орынбасары уақытша болмаған жағдайда Конституциялық Сот Төрағасының бұйрығымен айқындалатын Конституциялық Сот судьяларының бірі атқарады.
28-бап. Конституциялық Сот Төрағасының орынбасары
Конституциялық Сот Төрағасының орынбасары Конституциялық Соттың отырыстарын ұйымдастыру, оларға хаттама жасау жөніндегі жұмысты үйлестіреді, сондай-ақ Конституциялық Соттың Төрағасы өзіне жүктеген өзге де міндеттерді жүзеге асырады.
2-бөлім. КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ IС ЖҮРГIЗУ
6-тарау. КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДІҢ ЖАЛПЫ ШАРТТАРЫ МЕН ҚАҒИДАТТАРЫ
29-бап 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
29-бап. Конституциялық іс жүргізу және оны жүзеге асыру форматы
1. Конституциялық Соттың құзыретіне жататын мәселелерді қарау және олар бойынша шешімдер қабылдау Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Конституциялық заңда және Конституциялық Соттың регламентінде белгіленген конституциялық іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылады.
2. Конституциялық іс жүргізу қағаз және (немесе) электрондық форматтарда жүргізіледі.
30-бап 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
30-бап. Конституциялық іс жүргізудің электрондық форматының ерекшеліктері
1. Конституциялық іс жүргізу толық немесе ішінара электрондық форматта жүзеге асырылуы мүмкін, бұл туралы қаулы шығарылады. Мұндай формат кезінде Конституциялық Соттың актілері мен оның лауазымды адамдарының, конституциялық іс жүргізуге қатысушылардың және өтінішті қарау кезінде тартылатын тұлғалардың әрекеттері электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында ресімделуі мүмкін.
2. Конституциялық іс жүргізу электрондық форматта жүргізілген кезде оның материалдары электрондық істе қалыптастырылады.
3. Конституциялық Соттың бастамасы бойынша конституциялық іс жүргізуге қатысушылар, өтінішті қарау кезінде тартылатын тұлғалар, олардың өкілдері және өзге де адамдар техникалық байланыс құралдарын пайдалану арқылы Конституциялық Соттың отырысына қатыса алады.
4. Конституциялық іс жүргізу барысында техникалық құралдар мен ақпараттық сервистерді қолдану тәртібі осы Конституциялық заңның, Конституциялық Сот регламентінің және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары ескеріле отырып айқындалады.
31-бап 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
31-бап. Қазақстан Республикасы Конституциясының үстемдігі
Конституциялық іс жүргізу Қазақстан Республикасы Конституциясының үстемдігі қағидаты негізінде жүзеге асырылады.
32-бап 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
32-бап. Өтініштің мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті зерттеу
Конституциялық Сот өтініштің мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін барлық шараларды қолдануға міндетті.
33-бап 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
33-бап. Алқалылық
Конституциялық Соттың өкілеттіктерін жүзеге асыру алқалы түрде жүргізіледі.
34-бап 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
34-бап. Жариялылық
Өтініштерді Конституциялық Сотта қарау ашық болып табылады. Жабық отырысқа мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қорғау мүддесінде Конституциялық Соттың қаулысымен жол беріледі.
35-бап 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
35-бап. Конституциялық іс жүргізуге қатысушылардың тең құқықтылығы
Конституциялық іс жүргізу қатысушыларының тең құқықтылығы негізінде жүзеге асырылады, олар өз позициясын қорғау бойынша тең құқықтар мен мүмкіндіктерді пайдаланады.
36-бап 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
36-бап. Конституциялық iс жүргiзу тiлi
2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Конституциялық іс жүргізу мемлекеттік тілде жүзеге асырылады, қазақ тілімен қатар орыс тілі ресми түрде қолданылады.
2. Конституциялық iс жүргiзу тiлiн меңгермеген конституциялық iс жүргiзуге қатысушы адамдарға Конституциялық Сот олардың ана тiлiнде немесе олар меңгерген тiлде аударманы қамтамасыз етедi.
3. Конституциялық іс жүргізу тілін меңгермеген отырысқа қатысушылар ана тілінде немесе өздері меңгерген тілде түсініктер бере алады және аудармашының, есту қабілеті бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының көрсететін қызметтерін пайдалана алады.
37-бап 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
37-бап. Конституциялық іс жүргізуді тоқтата тұру
1. Конституциялық іс жүргізу өтініш бойынша одан әрі іс жүргізуге уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күштің әрекетіне байланысты және өзге де жағдайларда тоқтатыла тұруы мүмкін. Бұл ретте өтінішті қарау мерзімі де тоқтатыла тұрады.
2. Іс бойынша конституциялық іс жүргізу оны тоқтата тұруға негіз болған мән-жайлар тоқтатылған кезде қайта басталады.
38-бап 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
38-бап. Конституциялық іс жүргізуді тоқтату
2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Конституциялық іс жүргізу:
1) конституциялық іс жүргізуге қатысушы өзі берген өтінішті кері қайтарып алған;
2) тиісті құқықтық қатынастарға қолданылуы жалғастырылатын жағдайларды қоспағанда, конституциялылығына дау айтылып жатқан актінің күші жойылған немесе заңдық күшi жойылған;
3) мәлiмделген өтініш Конституциялық Соттың ведомстволық қарауына жатпаған;
4) осыған ұқсас мәселе қойылған басқа өтініш бойынша Конституциялық Соттың қорытынды шешімі қабылданған жағдайларда тоқтатылуға жатады.
2. Конституциялық Соттың мәлiмделген өтініш бойынша конституциялық iс жүргiзудi тоқтату туралы шешiмi өтініш субъектiсiн Конституциялық Сотқа осындай негiздер бойынша қайтадан жүгіну мүмкiндiгiнен айырады.
39-бап 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
39-бап. Конституциялық Сот отырысының хаттамасын жасау
2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Конституциялық Сот отырысының хаттамасы жасалады. Конституциялық Соттың Регламентінде белгіленген жағдайларда және тәртіппен оның отырысында аудио-, бейнежазба қолданылуы мүмкін.
2. Конституциялық Сот отырысының хаттамасы конституциялық іс жүргізу тілінде жүргізіледі.
3. Конституциялық Сот отырысының хаттамасын жүргізу тәртібі, оның мазмұнына қойылатын талаптар, сондай-ақ Конституциялық Сот отырыстарының хаттамасын жасаудың өзге де мәселелері Конституциялық Соттың регламентінде айқындалады.
40-бап. 2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7-тарау 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
7-тарау. КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ІС ЖҮРГІЗУГЕ ҚАТЫСАТЫН МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАР, ЛАУАЗЫМДЫ АДАМДАР ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ТҰЛҒАЛАР
41-бап. Конституциялық іс жүргізуге қатысушылар, өтінішті қарау кезінде тартылатын өзге де тұлғалар мен органдар
1. Мыналар: өтініштері бойынша конституциялық іс жүргізу қозғалған тұлғалар мен органдар, актілерінің конституциялылығы тексерілетін мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар конституциялық іс жүргізуге қатысушылар деп танылады.
1) мемлекеттік органдар мен ұйымдар;
2) сарапшы және пікірлері өтінішті жан-жақты, толық және объективті қарауға жәрдем ететін өзге де адамдар;
3) аудармашы өтінішті қарау кезінде тартылатын тұлғалар мен органдар деп танылады.
3. Қажет болған жағдайда конституциялық іс жүргізуге қатысушылар, осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында аталған өзге де тұлғалар мен органдар конституциялық іс жүргізуге қатысу үшін өз өкілдерін айқындай алады, олардың өкілеттіктері белгіленген тәртіппен берілген сенімхатта немесе өзге де құжатта ресімделеді. Заңға байланысты конституциялық іс жүргізуге қатысушылардың өкілдері конституциялық іс жүргізуге өкілеттіктерін ресімдемей қатысуға құқылы.
4. Азаматтардың өтініштерін қарау кезінде заңды өкілдер, адвокаттар, заң консультанттары палатасының мүшелері болып табылатын заң консультанттары, сондай-ақ заңмен, жарғымен немесе ережемен ұйымдар мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін, басқа да адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау құқығы берілген осы ұйымдардың уәкілетті адамдары ғана өкіл бола алады.
5. Мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға құқығы бар өтініш субъектісінің өтініші бойынша Конституциялық Сот адвокаттың немесе заң консультантының қатысуын жүгінген адамның таңдауы бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың адвокаттар алқасына немесе заң консультанттары палатасына тиісті қаулыны жіберу арқылы қамтамасыз етеді. Адвокаттың немесе заң консультантының еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
6. Өкілдердің саны екі адамнан аспауға тиіс.
7. Мемлекеттік органдар, ұйымдар өтініш жіберген азаматтың, оның заңды өкілінің, аудармашының, сарапшының (маманның) Конституциялық Соттың талап етуі бойынша оның отырысына қатысуға жұмсалған барлық уақыт ішінде орташа жалақысын сақтауға міндетті.
42-бап. Конституциялық іс жүргізуге қатысушылардың және өтінішті қарау кезінде тартылатын өзге де тұлғалар мен органдардың құқықтары мен міндеттері
1. Конституциялық іс жүргізуге қатысушылар өкілеттіктері шегінде тең процестік құқықтарды пайдаланады.
2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Конституциялық іс жүргізуге қатысушының:
1) мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, конституциялық іс жүргізу материалдарымен танысуға, олардан үзінді көшірмелер алуға және көшірмелерін түсіруге;
2) дәлелдемелерді ұсынуға, оларды зерттеуге қатысуға және өтініштері мен қарсылықтарының негізі ретінде өздері сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуге;
3) конституциялық іс жүргізу барысында туындайтын барлық мәселелер бойынша өз дәлелдері мен ойларын Конституциялық Сотқа айтуға;
4) өтінішхаттар мәлімдеуге және мәлімделген өтінішхаттар бойынша өз пікірін айтуға;