«Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы» Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 5 қарашадағы № 153-VII Конституциялық Заңы (2026.01.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

3. 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының қарауындағы өтініштер жүгінуші субъектілер оларды Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келтіргеннен кейін осы Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен қаралады.

 

67-бап. Осы Конституциялық заңды қолданысқа енгізу тәртібі

1. Осы Конституциялық заң:

1) 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 23, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38 және 39-баптарды, 7-тарауды, 43-бапты, 44-баптың 1, 2 және 3-тармақтарын, 4-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларын, 5-тармағын, 45 және 46-баптарды, 47-баптың 1-тармағын, 2-тармағының 1), 2), 3) және 5) тармақшаларын, 3 және 4-тармақтарын, 48, 49, 50, 51, 52, 53, 54-баптарды және 10-тарауды;

2) 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 40-бапты, 44-баптың 4-тармағының 6) тармақшасын және 47-баптың 2-тармағының 4) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

2. Конституциялық Соттың толық құрамы қалыптастырылған күннен бастап «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» 1995 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының күші жойылды деп танылсын.

 

 

Қазақстан Республикасының

           Президенті

 

            Қ. ТОҚАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2022 жылғы 5 қараша

                   № 153-VII