«Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 16 сәуірдегі № 169 бұйрығы

Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 16 сәуірдегі № 169 бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 130-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың көшірмелерін мемлекеттік және орыс тілінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2025 жылғы 16 сәуірдегі

№ 169 бұйрығына қосымша

 

 

Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 130-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді және республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу тәртібін белгілейді.

2. Түгендеудің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

ұзақ мерзімді активтердің, қорлардың, ақша құралдарының және өзге активтердің іс жүзінде қолда барын айқындау;

ұзақ мерзімді активтердің, қорлардың, ақша құралдарының және өзге активтердің іс жүзінде қолда барын бухгалтерлік есептің деректерімен салыстыру;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.