(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТЕН ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛАТЫН МӘДЕНИЕТ ...

Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мәдениет және спорт саласындағы білім беру ұйымдарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 221 бұйрығы

 

Осы редакция 2017 жылғы 11 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы 7-бабының 23-7) тармақшасына және «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2014 жылғы 3 шілдедегі 7-бабының 61) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2017 - 2018 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 22 маусымдағы № 386 қаулысын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мәдениет және өнер саласындағы білім беру ұйымдарында жоғары білімі бар мамандар даярлауға 2017 - 2018 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мәдениет және өнер саласындағы білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2017 - 2018 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мәдениет және өнер саласындағы білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар даярлауға 2017 - 2018 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.