«Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің жобалық офисін құру туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 24 наурыздағы № 72 бұйрығы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің жобалық офисін құру туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 24 наурыздағы № 72 бұйрығы

 

ҚР Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 367 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 мамырдағы № 358 қаулысымен бекітілген Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларының 66-тармағының 1) және 2) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 2 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік органдардың жобалық басқарудың үлгілік регламентіне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 қарашадағы № 963 қаулысымен бекітілген «Жайлы мектеп» білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің жобалық офисі (бұдан әрі - Жобалық офис);

2) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды іске асыру жөніндегі Басқарушы комитеті;

3) «Жайлы мектеп» білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобасының Басқарушы комитеті.

2. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің жобалық басқармасының ұйымдық құрылымы шеңберінде жобалық рөлдер;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды іске асыру жөніндегі Басқарушы комитетінің құрамы;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Жайлы мектеп» білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобасының Басқарушы комитетінің құрамы;

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Жайлы мектеп» білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобасының Басқарушы комитеті туралы ереже;

5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Министрліктің жобалық басқармасының регламенті бекітілсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.