«Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығы (2023.04.02. берілген өзгерістермен)

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығы

(2023.04.02. берілген өзгерістермен)

 

Осы бұйрыққа өзгерістер енгізу туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2026 жылғы 31 наурыздағы № 52 бұйрығын қараңыз (2026 ж. 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі)

 

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіудің үлгілік қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істер министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 18 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілердің реестрінде № 12651 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылдың 15 қаңтарында жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.