«Теміржол көлігін техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 544 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 818 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Теміржол көлігін техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 544 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11897 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 7 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Теміржол көлігін техникалық пайдалану қағидаларында:
6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Жылжымалы құрам және АЖҚ белгіленген мерзімде жоспарлы-ескерту жөндеу түрлерінен, техникалық және сервистік қызмет көрсетуден өтуі тиіс.»;
7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«7. Темiр жол жылжымалы құрамының иелерi және оны күтетiн темiржол көлiгi қызметкерлерi дұрыс техникалық жай-күйiн, оған техникалық қызмет көрсетудi, жөндеудi және темiржол жылжымалы құрамының белгiленген қызмет көрсету уақытын сақтауды қамтамасыз етедi.
Қызмет мерзімі өткен, сондай-ақ өз осьтерінде алып тасталған (есептен шығарылған) теміржол жылжымалы құрамын магистральды теміржол желісінде пайдалануға жол берілмейді.»;
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Жөндеудің мерзімді жоспарлы-алдын алу түрлерінен өтпеген локомотивтер мен моторвагонды жылжымалы құрамды пайдалануға жол берілмейді.»;
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«27. Поездарға мынадай:
оларды қарап-тексергенге және пайдалануға жарамды деп танығанға дейін рельстен шығып кеткен;
жай-күйі тасымалданатын жүктердің сақталуын қамтамасыз етпейтін теміржол жылжымалы құрамы, сондай-ақ олардың жүккөтергіштігінен артық немесе тиеудің техникалық шарттарын бұза отырып тиелген вагондар тіркелмейді.»;
40-тармақ алып тасталсын;
48 және 49-тармақтар алып тасталсын;