«Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 122 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 3 ақпандағы № 34-НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 122 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22644 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларында:
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Өнім беруші - білім беру ұйымдарынан басқа, меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 27 сәуіріндегі №113 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік шығармашылық тапсырысты нормативтік қаржыландыру Әдістемесінде (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22634 болып тіркелген) (бұдан әрі - Әдістеме) көзделген үйірмелер түрлерінің бағыттары бойынша қызметтер көрсету негізгі қызметі болып табылатын заңды тұлға немесе дара кәсіпкер;»;
5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі;»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: