«Туындыларды пайдаланудың кейбiр түрлерi үшiн авторлық сыйақының ең төмен мөлшерлемелерін бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 400 бұйрығы (2026.13.02. берілген өзгерістермен)

Туындыларды пайдаланудың кейбiр түрлерi үшiн авторлық сыйақының ең төмен мөлшерлемелерін бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 400 бұйрығы

(2026.13.02. берілген өзгерістермен)

 

«Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса берiліп отырған:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес туындыларды көпшiлiк алдында орындау жолымен пайдаланғаны үшiн авторлық сыйақының ең төмен мөлшерлемелері;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес туындыларды көпшiлiкке хабарлау жолымен пайдаланғаны үшін авторлық сыйақының ең төмен мөлшерлемелері;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес туындыларды қайта шығарғаны және (немесе) таратқаны үшiн авторлық сыйақының ең төмен мөлшерлемелері;

4) ҚР Әділет министрінің 2026.28.01. № 84 бұйрығымен алып тасталды (2026 ж. 13 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

ҚР Әділет министрінің 2026.28.01. № 84 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 13 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Осы бұйрыққа қоса беріліп отырған авторлық сыйақының мөлшерлемелері туындыларды оларда белгiленген пайдалану түрлерi үшiн ең төмен болып табылады деп белгiленсiн. Сыйақының мөлшерiн, оны төлеудiң тәртiбi мен мерзiмдерiн тараптар авторлармен, олардың құқықтық мирасқорларымен не авторлардың құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйыммен жасалатын авторлық немесе лицензиялық шартта белгiлейдi.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.