«Шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 7-1/86 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 16 маусымдағы № 233 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 7-1/86 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10414 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 46-22) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 46-22) тармақшасына сәйкес әзірленді және шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау тәртібін анықтайды.»;
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу тәртібі»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу туралы ұсынысы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 7-1/618 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10021 болып тіркелген) Эпизоотиялық мониторинг жүргізу қағидаларына қосымшаға сәйкес нысан бойынша эпизоотологиялық зерттеу актісін алған сәттен бастап бір күн ішінде:
шектеу іс-шараларын немесе карантинді белгілеу енгізілетін әкімшілік-аумақтық бірлікті;
шектеу іс-шараларын немесе карантинді белгілеу себептерін (аурудың атауын), жануардың түрін көрсете отырып, ерікті нысанда жазбаша түрде ресімделеді.