«Шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 7-1/86 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 16 маусымдағы № 233 бұйрығы

«Шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 7-1/86 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 16 маусымдағы № 233 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 7-1/86 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10414 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 46-22) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидаларында:

1-тарауда:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«1-тарау. Жалпы ережелер»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 46-22) тармақшасына сәйкес әзірленді және шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау тәртібін анықтайды.»;

2-тарауда:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«2-тарау. Шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу тәртібі»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу туралы ұсынысы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 7-1/618 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10021 болып тіркелген) Эпизоотиялық мониторинг жүргізу қағидаларына қосымшаға сәйкес нысан бойынша эпизоотологиялық зерттеу актісін алған сәттен бастап бір күн ішінде:

шектеу іс-шараларын немесе карантинді белгілеу енгізілетін әкімшілік-аумақтық бірлікті;

шектеу іс-шараларын немесе карантинді белгілеу себептерін (аурудың атауын), жануардың түрін көрсете отырып, ерікті нысанда жазбаша түрде ресімделеді.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.