ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019.02.08. № 611 бұйрығымен алып тасталды
Қазақстан Республикасы
Инвестиция және даму министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 545 бұйрығына
1-қосымша
Теміржол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк багажды тасымалдау
қағидасы
1. Жалпы қағидалар
1. Осы Теміржол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк багажды тасымалдау ережесі (бұдан әрі -Қағида) Қазақстан Республикасының «Теміржол көлігі туралы» Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-15) тармақшасына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді, сондай-ақ ол теміржол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк багажды тасымалдау тәртібін айқындайды.
2. Теміржол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк багажды Қазақстан Республикасы арқылы халықаралық және транзит қатынаста тасымалдау Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасымен ратификацияланған халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
3. Осы Қағидада мынадай ұғымдар мен терминдер қолданылады:
1) арнайы поезд - рейске заңды немесе жеке тұлғалардың өтінімі бойынша поездардың қозғалыс кестесіндегі арнайы немесе бір жолғы кесте бойынша тағайындалатын поезд;
2) арнайы вагон - рейске заңды немесе жеке тұлғалардың тапсырысы бойынша тұрақты қатынайтын поездың құрастыру схемасынан тыс немесе тұрақты қатынастағы вагон орнына тағайындалатын вагон;
3) аялдама пункті -жолаушыларды тек отырғызып, түсіруге арналған, жолаушылар поезының аялдамасы жүзеге асырылатын пункт;
4) бақылау-кассалық машина (бұдан әрі - БКМ) - фискалды модуль, фискалды жады блогы бар электронды құрылғы және (немесе) тауарларды сату және (немесе) қызметттерді көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысу туралы ақпараттың тіркелуін және көрсетілуін қамтамасыз ететін компьютерлік жүйе;
5) билет құны - жолаушыларды жол жүру барысында барлық теміржол маршруттары бойынша тасымалдағаны үшін есептелетін төлем сомасы ретінде белгіленген жол жүру құнының бір бөлігі;