(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚОС ДӘЛІЗ ЖҮЙЕСІ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛ...

Қос дәліз жүйесі қолданылатын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарының тізбесін, сондай-ақ осындай тізбені қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 192 бұйрығы

 

Осы редакция 2018 жылғы 13 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Кодексінің 340-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Бекітілсін:

1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қос дәліз жүйесі қолданылатын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарының тізбесін;

2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес осындай тізбені қалыптастыру қағидалары.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрық Қазақстан Респуьликасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жолдауды;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін ресми жариялау үшін мерзімді баспа басылымдарына жолдауды;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.