«Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшуын орнитологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі № 268 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 505 бұйрығы

«Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшуын орнитологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі № 268 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 505 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшуын орнитологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі № 268 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18580 болып тіркелген, 2019 жылғы 29 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшуын орнитологиялық қамтамасыз ету қағидаларында:

2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) орнитология - омыртқалы зоологияның құстарды, олардың эмбриологиясын, морфологиясын, экологиясын, жүйеленуін және географиялық таралуын зерделейтін бөлімі;»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Әуеайлақтардағы метеомамандар және орнитологиялық қамтамасыз етуге жауапты адамдар 2 жылда бір реттен сиретпей жауынгерлік даярлық курсына (арнайы даярлық бағдарламасына) сәйкес курстарға (жиындарға) тартылады және 5 жылда бір реттен сиретпей арнайы курстарда біліктілігін арттырады.»;

мынадай мазмұндағы 5-1-тармақшамен толықтырылсын:

«5-1. Бірлесіп орналасу әуеайлақтарында әуежай басшылығымен келісу бойынша метеомамандар тәжірибе алмасу, әуежайдың штаттық авиациялық орнитологымен тікелей өзара іс-қимыл жасауды ұйымдастыру және құстардың шоғырлануына ықпал ететін жағдайларды анықтау және жою тәртібі жөніндегі іс-шаралар бойынша практикалық тағылымдамадан өтеді.»;

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.