«Тіркелімді қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-226/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 30 қазандағы № 158 бұйрығы

 «Тіркелімді қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-226/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 30 қазандағы № 158 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Тіркелімді қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-226/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21717 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 209-бабы 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрыққа қосымшамен бекітілген тіркелімді қалыптастыру және жүргізу қағидаларында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы тіркелімді қалыптасыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі - Кодекс) 209-бабының 7-тармағына сәйкес әзірленді және тіркелімді қалыптастыру және жүргізу тәртібін айқындайды:»;

9-тармақта:

2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«2) пациенттің дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес ағзалардың ықтимал реципиенттерінің тіркеліміне енгізу үшін пациенттің құжаттарын жіберетін медициналық ұйым ресімдейді;»;

10, 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Трансплантаттау орталығы немесе медициналық ұйымдар МПТ шешім шығарғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде өңірлік трансплантаттаушы үйлестірушіге осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды электрондық түрде жібереді.

11. Өңірлік трансплантаттауды үйлестіруші осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде пациентті ықтимал реципиенттер тіркеліміне енгізуге ДРЕМАЖ-да электрондық өтінімді қалыптастырады.»;

14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.