«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексімен көзделген өтініштер нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 659 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 30 қаңтардағы № 87 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 27, 35, 41, 48, 55, 63, 80, 84, 91, 135, 152, 261, 439-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған өтініштер нысанын бекіту:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу туралы;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес кедендік тасымалдаушылар тізіліміне енгізу туралы;
3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы;
4) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы;
5) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу туралы;
6) осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін беру туралы;
7) осы бұйрықтың 7-қосымшасына сәйкес тауарлар жіктелімі бойынша алдын ала шешімдер қабылдау туралы;
8) осы бұйрықтың 8-қосымшасына сәйкес тауарды құрастырылмаған немесе жиналмаған түрде, оның ішінде белгілі бір уақыт кезеңі ішінде әртүрлі партиялармен әкелу көзделген жинақталмаған немесе аяқталмаған түрде жіктеу туралы шешімді беру туралы;
9) осы бұйрықтың 9-қосымшасына сәйкес преференциалдық және преференциалдық емес режимдерді қолдану кезінде тауар шығарылған елді айқындауға қатысты алдын ала шешімдер қабылдау туралы;
10) осы бұйрықтың 10-қосымшасына сәйкес кедендік баждарды төлеу мерзімін кейінге қалдыруды немесе бөліп-бөліп төлеуді ұсыну туралы;
11) осы бұйрықтың 11-қосымшасына сәйкес кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді тіркеу туралы;
12) осы бұйрықтың 12-қосымшасына сәйкес жекеменшік тауарларды сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы;