Астана қаласы әкімдігінің 2018.08.01. № 105-13 Қаулысымен алып тасталды
Астана қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 23 қарашадағы
№ 105-2136 қаулысына
2-қосымша
«Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. «Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми реставрациялау жұмыстарын жүргізуге келісім беру» электрондық мемлекеттiк көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Мәдениет саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 146 бұйрығымен бекітілген «Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) «Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
2. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет нысаны: электрондық (iшiнара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiнде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргiзуге келiсiм-хатын беру.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру нысаны: электрондық және (немесе) қағаз.
2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық
бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) iс-қимыл тәртiбiн сипаттау