«Өсімдіктерді қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 15-05/1135 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 821 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 11 қаңтардағы № 7 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 11 қаңтардағы № 5 бірлескен бұйрығы

«Өсімдіктерді қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 15-05/1135 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 821 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 11 қаңтардағы № 7 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 11 қаңтардағы № 5 бірлескен бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫЗ:

1. «Өсімдіктерді қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 15-05/1135 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 821 бірлескен бұйрығына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12744 болып тіркелген, 2016 жылғы 3 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бірлескен бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Өсімдіктерді қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы»;

көрсетілген бірлескен бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Мыналар:

1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес өсімдіктерді қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес ауыл шаруашылығы мақсатындағы объектілерде, сондай-ақ автомобиль, теміржол жолдарының бөлінетін жолақтары мен қорғау аймағында және зиянды және аса қауіпті зиянды организмдердің өмір сүру орындары болып табылатын басқа да аумақтарда қызметін жүзеге асыратын бақылау субъектілері (объектілері) үшін өсімдіктерді қорғау саласындағы тексеру парағы;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.