«Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекiту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 4 наурыздағы № 79 қаулысымен бекітілген) (2019.03.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Жамбыл облысы әкімдігінің

2016 жылғы 4 наурыздағы

№ 79 қаулысымен

Бекітілген

 

 

Жамбыл облысы әкімдігінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 280 Қаулысымен күші жойылды

 

«Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекiту»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

(2019.03.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

 

1. Жалпы ережелер

 

Жамбыл облысы әкімдігінің 2019.03.06. № 125 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. «Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекiту» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстық, Тараз қаласы және аудандық жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган - функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдарының құрылымы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) «Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 бұйрығымен бекітілген «Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекiту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11050 тіркелген) (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес көрсетеді.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);

2) www.elicense.kz «Е-лицензиялау», www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

Жамбыл облысы әкімдігінің 2019.03.06. № 125 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

Жамбыл облысы әкімдігінің 2019.03.06. № 125 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесі - жер учаскесін қалыптастыру жөніндегі бекітілген жерге орналастыру жобасы немесе Стандарттың 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.