«Қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттеріне кепілдік беру және осындай кепілдік мөлшерін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 189 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 7 желтоқсандағы № 619 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттеріне кепілдік беру және осындай кепілдік мөлшерін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 189 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32398 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 38) тармақшасына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттеріне кепілдік беру және осындай кепілдік мөлшерін айқындау қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: