Мемлекеттік мүлікті республикалық меншіктен коммуналдық меншiкке берудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 маусымдағы № 360 Қаулысы
«Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Батыс Қазақстан облысы әкімінің «Шалқар табиғаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталындағы мемлекеттің қатысу үлесін республикалық меншiктен Батыс Қазақстан облысының коммуналдық меншiгіне беру туралы ұсынысы қабылдансын.