«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы Әдеп жөніндегі кеңестерінің құрамдарын бекіту туралы» 2019 жылғы 14 тамыздағы № 146 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігі Аппарат басшысының м.а 2021 жылғы 26 наурыздағы № 56 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 156 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы Әдеп жөніндегі кеңестері туралы ереженің 13-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы Әдеп жөніндегі кеңестерінің құрамдарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Аппарат басшысының 2019 жылғы 14 тамыздағы № 146 бұйрығына (бұдан әрі - Бұйрық) мынадай өзгерістер енгізілсін: