4) талап ету құқығын басқаға беру шартын жасасқаннан кейін төлемдердің әрбір қарыз алушы бөлінісінде таратып жазылуын бере отырып, қарыз алушылардан алынған ақшаны микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғаның банктік шотына берешекті өтеу есебіне аударуға міндетті.
9. Сатып алынған құқықты (талап етуді) бастапқы кредиторға кері сатуды (қайтаруды), құқықты (талап етуді) коллекторлық агенттіктерге, секьюритилендіру мәмілесі кезінде Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясына, сондай-ақ өзге де микроқаржы ұйымдарына беруді (қайта беруді) қоспағанда, жеке тұлғамен жасасылған микрокредит беру туралы шарт бойынша микроқаржы ұйымының құқығы (талап етуі) өткен тұлғаның осындай құқықты (талап етуді) өзге тұлғаларға қайта беруіне тыйым салынады.»;
5) 21-бапта:
3-тармақтағы «4 және 5-тармақтарында» деген сөздер «4, 5, 5-1 және 6-тармақтарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта:
1) тармақшадағы «анықтау және алдын ала тергеу органдарына:» деген сөздер «қылмыстық қудалау функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға:» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті органға: өзі жөнінде соттың банкрот деп тану туралы заңды күшіне енген шешімі бар тұлғаға қатысты, банкроттық және (немесе) оңалту туралы іс қозғалғанға дейін бес жыл ішіндегі кезең үшін прокурордың санкциясымен беріледі.»;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Микрокредит беру құпиясы банк омбудсманына оның қарауында жатқан, қарыз алушылардың - жеке тұлғалардың өзі бойынша құқық (талап ету) осы Заңның 9-1-бабының 4 және 5-тармақтарында көрсетiлген тұлғаға берілген микрокредит беру туралы шарттан туындайтын келіспеушіліктерді реттеу жөніндегі жүгінулері бойынша ашылуы мүмкін.»;
6-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) микроқаржы ұйымдарының негізгі борыш және (немесе) есепке жазылған сыйақы бойынша мерзімі өткен берешегі бар микрокредитке байланысты ақпаратты осы Заңның 9-1-бабының 4 және 5-тармақтарында көрсетілген тұлғаларға беруі;»;
мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) микроқаржы ұйымдарының коллекторлық агенттікке осы коллекторлық агенттікпен берешекті өндіріп алу туралы жасасқан шарт шеңберінде микрокредит жөнінде ақпарат беруі микрокредит беру құпиясының ашылуы болып табылмайды.».
6) 28-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі «осы Заңның» деген сөздер «Қазақстан Республикасы заңдарының» деген сөздермен ауыстырылсын.
9. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 9, 46-құжат; № 11, 57-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-II, 144, 145-құжаттар; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 6, 45-құжат; № 7-I, 50-құжат; № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 8-II, 68-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат):
2-қосымша мынадай мазмұндағы 29-1-жолмен толықтырылсын:
«