Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2024 жылғы 4 сәуірдегі № 118 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына мынандай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 299 бұйрығы бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10722 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларында:
13-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Ведомстводан тыс кешенді сараптамаға ұсынылатын құрылыс жобасының және бастапқы құжаттардың жинақтылығы мен құрамы:
1) жаңа объектілер құрылысының жобалары осы Қағидаларға 2-қосымшаға;
2) бұрыннан бар объектілерді реконструкциялау (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру) жобалары осы Қағидаларға 3-қосымшаға;
3) бұрыннан бар объектілерді күрделі жөндеу жобалары осы Қағидаларға 4-қосымшаға;