«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция органдарының патрульдеуді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2023 жылғы 5 маусымдағы № 36/қе бұйрығы

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция органдарының патрульдеуді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2023 жылғы 5 маусымдағы № 36/қе бұйрығы

 

«Әскери полиция органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция органдарының патрульдеуді ұйымдастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Әскери полиция департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция органдарының патрульдеуді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрғасының 2017 жылғы 25 шілдедегі № 51 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 114237 болып тіркелген);

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.