«Өскемен қалалық мәслихатының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 38/2-VI «Өскемен қаласының 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2019 жылғы 28 қазандағы № 50/2-VI шешімі (күші жойылды)

Өскемен қалалық мәслихатының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 38/2-VI «Өскемен қаласының 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2019 жылғы 28 қазандағы № 50/2-VI шешімі

 

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 52/2-VI шешімімен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 109-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Өскемен қалалық мәслихатының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 38/2-VI «Өскемен қаласының 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-1-207 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 16 қаңтарда жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1 тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«1. Қаланың 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес тиісінше, соның ішінде 2019 жылға арналған келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер - 67 749 192,7 мың теңге:

салықтық түсімдер - 22 241 665,7 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 1 184 383,7 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 5 579 434,4 мың теңге;

трансферттердің түсімдері - 38 743 708,9 мың теңге;

2) шығындар - 73 055 266,4 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - -300 000,0 мың теңге:

бюджеттік кредиттер - 0,0;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 300 000,0 мың теңге;

4) қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо - 1 135 063,0 мың теңге:

қаржы активтерін сатып алу - 1 140 286,0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 5 223,0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - -6 141 136,7 мың теңге;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.