(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «АЛДЫН АЛА АҚПАРАТТЫ ҰСЫНУ КЕЗІНДЕ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІС...

Алдын ала ақпаратты ұсыну кезінде мемлекеттік кірістер органының ақпараттық жүйесі мен тасымалдаушылардың ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимыл қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 281 бұйрығы

 

Осы редакция 2026 жылғы 31 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 31-бабы 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Алдын ала ақпаратты ұсыну кезінде мемлекеттік кірістер органының ақпараттық жүйесі мен тасымалдаушылардың ақпараттық жүйесінің өзара іс-қимыл қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбек он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнің «Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрі

 

Б. Сұлтанов

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.