(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ӘЛЕУМЕТТІК САЛАДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІ...

Әлеуметтік саладағы мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамытудың 2024 - 2028 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 қарашадағы № 1068 Қаулысы

 

Осы редакция 2024 жылғы 24 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік саладағы мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамытудың 2024 - 2028 жылдарға арналған кешенді жоспары (бұдан әрі - Кешенді жоспар) бекітілсін.

2. Кешенді жоспардың орындалуына жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ өзге де ұйымдар (келісу бойынша):

1) Кешенді жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын;

2) жылдың қорытындысы бойынша, 15 қаңтардан кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне Кешенді жоспарда көзделген іс-шаралардың іске асырылу барысы туралы ақпарат беріп тұруды қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі жылдың қорытындысы бойынша, 15 ақпаннан кешіктірмей, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына Кешенді жоспардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат беріп тұрсын.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

 Премьер-Министрі

 

Ә. Смайылов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2023 жылғы 30 қарашадағы

№ 1068 қаулысымен

бекітілген

 

 

Әлеуметтік саладағы мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамытудың

2024 - 2028 жылдарға арналған кешенді жоспары

 

Кіріспе

 

2023 жылғы 19 сәуірде өткен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңес шеңберінде берілген Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Әлеуметтік саладағы мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамытудың 2024 - 2028 жылдарға арналған кешенді жоспары: жоғары білім, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, спорт, оқу-ағарту саласындағы 5 бағыт бойынша әзірленді.

 

1-бағыт. Жоғары білім

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.